Парақорлық – пайда бермейді
Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі – сыбайлас жемқорлықпен күресу. Әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны рас. Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген игілікпен артықшылық алуы болып табылады.
Оның ең қауіпті түрі – парақорлық. Пара алу мен пара берудің себептерін жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Ол қылмыс ретінде саналу керек және қоғамда сондай сана-сезім қалыптасуы керек.

Г. ҚОЖАМҰРАТОВА,
Қармақшы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы