Құрылтай
» » Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр

Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті "Бақытты отбасы" ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 
Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан. "Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз - ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады", - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков. Ал, психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер - көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар. 
"Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады", - деді "Бақытты Отбасы" ресурстық қолдау орталығының психологы Гаухар Онжарова.

08 желтоқсан 2019 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 672
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31