» » Өзгенің көлігін мініп кеткен

Өзгенің көлігін мініп кеткен

Павлодарда ер қателесіп біреудің көлігін мініп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полиция мәліметінше, оқиға қаладағы ықшамаудандардың бірінде болған.
"Полицияға Павлодардың 34 жастағы тұрғыны келіп, Космановтар көшесінің бойынан таңғы 06.30-дан 08.30-ға дейін ВАЗ 21043 автомобилі ұрланғаны туралы арыз берген", - делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметің хабарламасында.
Ер адам өз көлігін жолға жақын қалдырғанын айтты. Көлік есігін жапқан, ал бір сағаттан кейін қайтып келгенде, көлігі қойған орнынан табылмаған. Жоғалған көлікті полицейлер қалалық тұрақтардың бірінен табады. "Күдікті ретінде облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жәбірленушінің автокөлігін өзінің танысының автокөлігімен шатастырған. Ол көлікті көріп, жақын маңдағы автотұраққа алып кеткен", - деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (" Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер сот күдіктіні кінәлі деп таныса, онда оған бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сонымен қатар, осы бап бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

23 қараша 2019 ж. 798 1

Audry от 29 мамыр 2025 00:28
Really tons of beneficial info. casino en ligne fiable Many thanks. A lot of material. casino en ligne Awesome stuff Thank you. casino en ligne With thanks, I enjoy it. casino en ligne francais You have made your point pretty effectively.! casino en ligne francais Helpful posts Many thanks! casino en ligne You actually said it superbly! casino en ligne You actually said that superbly. meilleur casino en ligne Whoa all kinds of superb data. casino en ligne Useful forum posts, With thanks! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30