» » Жолда жүру ережесін сақтаңыз!

Жолда жүру ережесін сақтаңыз!

ЖОСАЛЫ, 27 қараша - qarmaqshy-tany.kz Аудан орталығында көлік саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Қазіргі таңда Жосалы кентінде 4290 үй болса, жеке және заңды тұлғаларда 2153 көлік тіркелген. Яғни, кент тұрғындарының 50,4 пайызында, болмаса әрбір екінші үйде жеке меншік көлік бар деген сөз. Бұдан басқа аудан орталығында болатын түрлі іс-шаралар мен халыққа қызмет көрсету мекемелеріне, аурухана мен емханаға ауылдардан келетін автокөліктер тағы бар, деп жазады Жосалы кентінің әкімшілігі.

Соңғы кезде көшелерде жол-көлік оқиғалары жиі орын алып жүр. Көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген жүргізушілер жол ережелерін сақтамай, орталық көшелерде автокөлікті аса қатты жылдамдықпен жүргізуді әдетке айналдырған. Автокөлік басқаруды жақсы меңгергеннің өзінде әсіресе мектептер мен балабақша орналасқан көшелерде өзіңіз сақтықпен жылдамдықты азайтуыңыз қажет. Себебі, баланың қай жерде де балалығы мен шалалығы қатар жүреді. Сіз барынша жол ережесін сақтап келе жатқаныңызбен кенеттен алдыңыздан бала жүгіріп шықса, адам өміріне қауіп төнетін жол көлік оқиғасы орын алады. 
Әркім өз өмірінің – қожайыны. Апатқа ұшыраған адам біреуіміздің туысымыз, біреуіміздің баламыз, біреуіміздің бауырымыз, болмаса ағайынымыз болуы мүмкін. 
Бала-біздің болашағымыз десек, әрбір автокөлік жүргізуші азамат жылдамдықты тежеп, жаяу жүргінші жолда жүру ережесін қатаң сақтаса тосын оқиға орын алмас еді. 
Сондықтан да автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді өз өмірінің қауіпсіздігі үшін көшелер мен тротуарларда ерекше тәртіпті және мұқият болуға шақырамыз. 
27 қараша 2019 ж. 4 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930