» » Бауырыңызбен қандайсыз?

Бауырыңызбен қандайсыз?

Қазір бір үйге қонаққа баратын болсаңыз құралақан бара алмайсыз. Ең болмағанда үйдегі кішкентай балақайларға арнап тәтті толы дорбаңызды арқалай барасыз. Қала берді олардың әрқайсысына бір-бір данадан бірдей үлестіріп бересіз. Қазіргі балалар да ерке болып өсуде. Бірі екіншісінікіндей болмаса айқайға басады. Қиғылық салады.


Рас, әр үйде бір ерке табылады. Тіпті бір бала ғана емес, бәрі бірдей тентек дерсіз. «Менікі дұрыс» деп айтқанын істетпей қоймайтыны тағы бар. Кінә кімде? Балада ма, ата-анада ма? Қош. Мәселенің мәні мынада. Біз баланың бойына бауырмалдық қасиеттен гөрі «менмендікті» ұялатып бара жатқандаймыз. Кемшілігіміз де осы.
Бала күнімізде ата-анамыз әрқайсысымызға деп тәтті-дәмдісін әкеліп беретін. Дегенмен ара-тұра «бауырыңмен бөліп же» деп сынап алатын. Бұл бізді бауырға деген мейірімге тәрбиелесе керек. Ал қазір ше? Тыныш отырса болды деп айтқанының бәрін істейміз, тәттісін де бере қоямыз. Оған көнбесе ұялы телефонды ұстатамыз. Бітті. «Бөліп же, ол сенің бауырың» деп айтқаннан гөрі «мынау сенікі, осыны үндемей ешкімге көрсетпей же» дегенді әлдеқайда құп көреміз. Тәрбиеден гөрі құлақ тыныштығын бірінші орынға қойып алғандаймыз. Осыдан соң кінәні өзімізден емес, өзгеден істеп қайтпекпіз. Қазіргі буынды осылай тәрбиелеп жүрсек келер ұрпақтың жағдайы не болмақ?
Халқымызды өзге елден екшеп тұратын қасиетінің бірі осы – бауырмалдық. Жеті атаға дейін бір-бірін туыс көретін қазақ жақынға да, жатқа да жанашырлық танытушы еді-ау. Ал қазір жеті ата түгіл бір туған бауырымен араласпай, қырғи қабақ танытып жүрген қаншама?!
Біз отбасында баланы жас күнінен бастап тәрбиелеуіміз керек. Оның санасына нағыз жанашыр жанның бірге туған бауырың екенін түсіндіруіміз қажет-ақ. «Бауырыңды ренжітпе, ауыр сөз айтпа. Ол сенің өмірдегі барың, досың, жақының, ақылшың, қорғанышың. Жасы кіші бауырға кешіріммен қарау керек» деп үлкендер жағы жиі айтып отырушы еді ғой. Бұл санаға ерте бастан сіңсе, есейгенде бауырын жақын тартады.
Басыңа іс түсіп қамыққан сәтте қолындағы барын беріп, қолдау көрсететін жанның бірі де осы бауыр емес пе?! Кішкентайдан бір нанды бөле жеп, асыр салып ойнап өскен бауырың келешекте қолдаушы тірегіңе айналады. «Бірге тумақ болса да бірге жүрмек жоқ» дейді дана халқымыз. Расыменде мына өмірде бауырдан асқан жанашыр жан табылмас сірә?! Сол себепті бауырыңбен қарым-қатынасыңызға мән берген жөн. Ал сіз бауырыңызбен қандайсыз?

Ақнұр САҒЫНТАЙ
08 қазан 2019 ж. 1 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031