» » Жемқорлыққа жол берілмейді

Жемқорлыққа жол берілмейді

Мемлекетті алға жылжытпайтын әрі оның дамуына кедергі келтіретін қауіпті дерт бар. Кедергі келтіріп қана қоймай, ондағы өмір сүріп жатқан адамдардың болашаққа деген сеніміне күмән келтіретін бұл қатерлі «сырқаттың» аты – сыбайлас жемқорлық.
Сыбайластықтың алдын алу, сондай-ақ болдырмау мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған мәслихат депутаттары, сала басшылары мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Кеңесте қаржы саласы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұ­мыстың барысы туралы» ау­дандық мемлекеттік кірістер бас­­­­қармасының басшысы О.Ал­дажаровтың хабарламасы тың­далды.
Мұнан бөлек аудандық кә­сіпкерлік палатасының ұйытқы болуымен шағын және орта кә­сіпкерлікті дамыту мен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­­дарламасына» сәйкес «Жас кәсіпкер» жобасы аясында кә­сіп­­керлік негіздеріне оқып жат­­­қан жас­тармен кездесу ұй­ымдастырылды.
Қолы бос жастарды кәсіп­кер­лікке тартуда «Жас кә­сіпкер» жо­басының мүм­кіншілігі мол. Аталған палатаның тұлғалық даму кеңесшісі Жадыра Бажиеваның айтуынша жас­тардың кәсіпкерлікке ынтасы жаман емес.
– Бұл – жаңа жоба. Биылға 110 жасты оқыту жоспарланса, бүгінде соның екінші тобы оқуда. Мұнда 20 күн сабақ жүреді. Сертификат беріледі. Одан әрі кәсібін аяқтан тұрғызу үшін сүйемелденіп, конкурс, грантқа қатысуға жағдай жасалады. Кепіл болған күнде несиеге алуға иек артуға болады, – дейді кеңесші.
Сондай-ақ аталған фи­лиал­дың қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы тұрғысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті. Қабылдауға келген «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы З.Метерова, тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Мақсұтбеков, соқырлар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Э.Үсенова, «Jas Otan» жастар қанаты аудандық бөлімшесінің төрайымы Ж.Шаймерден түсіндірме жасап, кеңес берді.
Сарсенкүл АҚКІСІ
29 тамыз 2019 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 72
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031