» » Хэштегтегі #танымалдық

Хэштегтегі #танымалдық

Ғаламтордағы жарнама әлеуметтік желілер арқылы тиімді екені дәлелденген. Миллиондаған адам тіркелген желі кәсіпті дамытудың алаңына айналды. Оның ішінде Instagram желісі арқылы ресми парақша ашып, брендті таныстыру жұмысымен айналысу тұтынушының пікірін білуге, сапаны, қызмет көрсету деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Себебі көпшілік виртуалды байланысқа, қарым-қатынас орнатуға ықыласты. Бұл арқылы танымалдылықты да арттыруға болады.


Бүгінде әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адамның көзайымына айналған танымал жандар жетерлік. Бірі – жердегі жұлдыз болса, енді бірі – суретке түсуді ұнатады. Бірі – қаржы көзіне айналдырған. Ал біз жазғалы отырған кейіпкер отбасылық өмірімен хоббиін қатар ұштастырған жас ана. Ерекшелігі – оқырманына белсенді өмір сүру дағдысын қалыптастырады.
Назерке Кенеева – байқоңырлық визажист. 38 мыңға жуық оқырманын көңілді парақшасымен қызықтырған ол өзін блогерлер қатарына жатқызбайды. Отбасылық, келіндік өмірінен бір үзік сыр жазып, жетістігімен бөліседі. Лайк саны мен пікірлер тізбегі де жазбаның сәнін кіргізеді. Себебі ол қозғаған тақырып қалың жұрттың санасымен ұштасып жатыр.
– Мен нағыз әйел бақытын сезінген жас анамын. Белсенділікке жаным құмар. Отбасым үшін арманымның орындалуына барымды саламын. Әлеуметтік желіге жазған посттарым оқырман көңілінен шы­ғуына тырысамын. Егер қызықсыз әңгіме басталса, аудиторияның белсенділігі күрт түседі. Мұндағы жазбалардың 40 про­центі өз басымнан өткен оқиға болса қалғаны оқырман хаты. Пікір алаңы ауқымды, қойылған сауалдар жауапсыз қалмайды, – дейді Н.Кенеева.
Инстадағы танымалдылыққа ие болған кейіпкер қосымша визажист мамандығын меңгерген. Жақында ғана армениялық әлемге танымал визажист Гоар Аветисянның курсынан өткен Назеркенің бұл салаға деген қызығушылығы одан әрі артқан. Бүгінде ол парақшасына креативті идеясымен түрлі образдар жасайды.
– Визажист болу арманым емес еді. Мұны жай хобби деуге болады. Сән салонын жалға алып, осында қызмет етіп жатырмын. Бояуға икемі бар жанға оқыту курстарым бар. Әрине жеке сән студиясын ашу арманымның бірі. Сонымен қатар басқа сала бойынша сырттай білім алып жүрмін. Мұның барлығына үлгеруім жақындарым мен белсенділіктің арқасы. Жастар бір орында тоқтап қалмай, талпыну қажет. Ата-анасының мойнына асылмай етіп, мақсатына ұмтылса, – дейді ол.
Ресейдің танымал инстаграм-блогерлерінің бір жарнамалық постының құны 100 мыңнан 400 мың рубльге дейін барады. Шетелдік жұлдыздардың бағасы біздікінен бірнеше есе жоғары. Instagram жұлдыздарының бұлайша көп ақша табуының құпиясы неде? Себебі бұл әлеуметтік платформаны айына 800 миллион адам пайдаланады. Сондықтан бұл брендтер үшін ерекше жарнамалық құрал. Ал біз жазған кейіпкер жарнамаға мүлдем қызықпайды. Оны өзі айтқан әңгімесінен аңғардық. Желідегі таны­мал­дылыққа ие болу үшін көп қаражаттың керегі жоқ. Мұнда тек оқырманды қызықтыра білсеңіз болғаны. Ол үшін не істеу керек?
– Алдымен өзіңізді қызықтыратын саланы анықтап алған жөн. Бұл өзіңіз жақсы көретін хобби немесе түсінетін нәрсе болуы керек. Атақты адамдардың жазбаларын қайталаудың қажеті жоқ. Оқырманды қызықтыру үшін тек фотосуреттерді жариялау жеткіліксіз. Сурет астына жазылушылармен эмоционалды байланыс орнатуға әңгіме жазыңыз. Олардың сізге сенуіне, аккаунтыңызға тіркелуіне, сізбен қарым-қатынас орнатуына себепкер болыңыз. Әңгіме ойдан шығарылған болса, оны халық бірден байқайды. Жұртпен бөлісетін жеке жзбаңыз тек қызықты ғана емес, сонымен қатар шынайы болуы керек, – дейді танымал визажист.
Айнұр ӘЛИ


27 тамыз 2019 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 63
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031