» » » Еліміздің вайнерлері «Үркер» ұлттық сыйлығынан үміткер

Еліміздің вайнерлері «Үркер» ұлттық сыйлығынан үміткер

Үздік вайнерлер мен блогерлер ұлттық байқау жүлдесінен үмітті. Биыл «Үркер» сайысына журналистермен қоса әлеуметке ықпалы бар желі жұлдыздары да қатысады. Елімізде тіркелген 3 млн әлеуметтік желі қолданушысына бүгінде қандай тақырыптар қызық? Ал билік блогерлермен қаншалықты санасуда?   Әлеуметтік желінің құдыреті күн санап артып келеді. «Сүт пісірім уақыт қарай салайын» деп кіріп, «бие сауым уақытымызды» өткізіп алып жатамыз. Демек, сұраныс бар. Ал оны қанағаттандырып отырған вайнерлер мен блогерлер қауымы. Жеңіс инстаграм желісінде танымал вайнер. Түрлі тақырыптағы бейнероликтерді алдымен ермек үшін түсіріп бастайды, Ж.Иманғалиевтың жеке кейін  көпшілікке ұнап кәдімгі кәсіпке айналған. Ғаламтордағы танымалдылығы, тіпті жеке бизнесін ашуға да көмектесті. Жеңіс Иманғалиев, вайнер: - Бірде кездесіп жүрген қызды күтіп отырып, бос отырмай видео түсіре салайын деп ойладым. Ал көрерменге не қызық? Ойлана келе қызғаншақ жігіттің ролін ойнадым. Түсірдім де инстаграмға салдым. Содан көшеде тани бастады. Сен әлгі қызғаншақ жігіт емессін бе деп тоқтататындар болды? Бұл істі кәсіпке айналдырғаныма 1 жыл болды. Қазір аптасына тұрақты түрде екі контент жариялауға тырысамын. Жеңіс қазір әзілқой бейнероликтермен шектелмейді. Әлеуметті алаңдатқан тақырыптарды қаузайды, тіпті әкімдіктен де тапсырыстар болатынын жасырмады. Өйткені Ж.Иманғалиевтың жеке Жеңістің оқырмандары Инстаграм желісінің қолданушылары Ал «Brand Analytics» сервисінің  мәліметі бойынша бұл Қазақстандағы ең танымал желі саналады. 1 млн 400 мың адам тіркелген. Вконтактеде 1 млн, ал фейсбуктің 500 мың белсенді қолданушысы бар.   «Биліктің әлеуметтік желілермен санасуы жөн», - дейді Жанасыл Болатбек. Контент менеджері блогерлердің ықпалы кейде БАҚ-тан да асып түсетіні жасырмайды. Өйткені тұтынушыға жедел ақпарат қажет. Жанасыл Болатбек, контент менеджері: - Блогерлермен жұмыс істеу бұдан біраз жыл бұрын басталды. Ол кезде екінің бірі блогер болса қазір іріктеліп сапалы блогерлер іріктеліп қалды. Қазақ тілді ортада да сондай санаулы блогерлер бар. Сондай жоғары деңгейде жұмыс істей алатын. Дұрыс нәрсе үкіметтің блогерлермен жұмыс істей бастауы. Өйткені олардың қолында халық бар аудитория бар тыңдайтын ортасы бар. Тіркелушісі көп блогер сайлаушысы көп депутаттан кем емес бүгінде. Танымалдылықтан бөлек, сөзін жүргізіп, ісін дөңгелетуге мүмкіндігі бар. Айтпақшы, сұранысқа ие блогерлердің бірі келер аптада миллионер атанады. Алғаш рет «Үркер» ұлттық байқауында «2017 жылдың үздік вайнері» атты арнайы номинация бар.

22 маусым 2018 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031