» » Қаржы институттарының болжамы: Экономикалық өсім қандай болады?

Қаржы институттарының болжамы: Экономикалық өсім қандай болады?

2018 жылы Қазақстан эконо­микасының жағдайы қандай болмақ? Осы сұраққа байланысты еліміздің эконо­мистері, сарапшыларымен қатар қаржы институттары да өз болжамдарын білдіруде. Біз солардың кейбірін оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қазақстан Ұлттық банкінің болжамы

«Біздің болжамымыз бойынша 2018 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) өсімі (базалық сценарийде көзделгендей, егер мұнайдың 1 баррелінің бағасы 50 доллардан айналған жағдайда) 2,8 пайызды құрайтын болады. Бұған Қазақстанның негізгі әріптес ел­деріндегі, жалпы бүтіндей алсақ, әлем­дік экономикадағы сұраныс­тардың артуы секілді сыртқы сауда­дағы жағымды жағдайлар ықпал етеді», деп мәлімдеді банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» журналының қойған сұрағына орай.
Д.Ақышев еліміздің макроэконо­микалық дамуына сыртқы фактор­лардың әсерімен төнетін бірқатар қауіптердің де бар екендігін атап көрсетті. Сондай тәуекелдердің қата­рына әлемдік нарықтағы энергиялық ресурстар бағасының төмендеп кетуі, мұнай бағасын құбылмалығы және АҚШ-тың Федеральдық резервтер жүйесінің алдын ала ескертпестен өз саясатын қатайтуы секілді болуы мүмкін факторларды жатқызды.
Ал ішкі тәуекелдерге келсек, жекелеген тауарлар мен қызметтер нарығында, атап айтқанда, азық-түлік, жанар-жағармай бағаларында өткен жылғы секілді күрт өзгерістердің болуы, осыдан болатын тұтынушылар дүрлігісі секілді қауіп-қатерлердің алдын алып отырған жөн. «Біз мұн­дай тәуекелдерді бақылауда ұстай­тын боламыз. Күтпеген оқиға­лар бола қалған жағдайда, елдің макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз», деді Д.Ақышев. Сондай-ақ банк басшысы шетелдік валютаға сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын теңгенің еркін қозғалысы биылғы жылы да сақталатындығын мәлімдеді. Инфляция деңгейінің 5-7 пайыз аралығында тұрақтануы болжанып отырғанын айтты.

Дүниежүзілік банк болжамы

Аталған ха­лық­аралық банк бағалауы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 2018-2020 жылдар аралығында шамамен алғанда 3 пайызды құрайтын болады. Мұның алдында банк Қазақстанға қатысты 2017 жылға арналған болжамын өзгерткендігін еске сала кетейік. Банктің жыл басындағы болжамы бойынша ел экономикасының даму деңгейі 2,4 пайызды құрайды делінсе, жыл соңында бұл болжамдық көрсеткіш 3,7 пайызға дейін көтерілді.
«Елдің экономикалық өсіміне мұнай секторының үлесі 2017 жылмен салыстырғанда төмендейтіндігін ескере отырып, 2018-2020 жылдардағы ІЖӨ өсімі, шамамен алғанда, 3 пайыз деңгейінде қалыптасады деген болжам жасалынды. Мұнан әрі елдегі құры­лымдық реформаның сәтті жүзеге асуы эко­номиканы әртараптандыруға жағым­ды ықпал етіп, Қазақстан әлеуетінің артуына алып келуі тиіс», деп хабарлады банктің қазақстандық офисінің өкілі.
Мұның алдында Дүниежүзілік банктің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бас экономисі Ханс Тиммер Қазақстанға жұмыс сапарымен келген кезінде журналистерге сұхбат беріп, мұнай бағасының құлдырауынан дағдарысты сәтке тап болған еліміздің оны сәтті еңсере білгендігін айта келе енді Қазақстан үшін жаңа жоғары технологияларды белсенді түрде енгізудің де сәті жеткендігін мәлімдеген болатын.

Азия даму банкінің болжамы

Азия даму банкі 2017 жылы Қазақ­стандағы ішкі жалпы өнімнің өсімі жайлы өз болжамына (2,7 пайыз) жыл соңына таман өзгерістер енгізіп, ол 3,7 пайыз деңгейінде қалыптасады деп шамалаған болатын.
Банк 2018 жылға арналған өз болжамын да жасап, экономикалық елдің өсімі 3 пайыз болады деп болжаған еді. Жақында бұл болжамға тағы да өзгеріс енгізіпті.
«2017 жылдың бастапқы тоғыз айында Қазақстан экономикасының өсуіне өнеркәсіп саласының тигізген оң ықпалы мол болды. Бұл саладағы өсім 8,3 пайызды құрады. Дегенмен 2017 жылдың үшінші тоқсанында өсім факторларының босаңсығаны сезілді. 2018 жылы мұнай бағасының өсетіндігін және ішкі сұраныстың өсу жағына қайта қалыптасатындығын ескере отырып, экономиканың өсімі 3,3 пайызды құрайды деп есептеліп отыр» делінген бұл жайындағы хабарламада.
Сонымен көріп отырғанымыздай, ел экономикасының 2018 жылғы өсуі туралы болжам жасауда Ұлттық банктің біршама сақтық жасағаны сезі­летіндей. Ал Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық ұйымдар, шамасы, 2017 жылы өздері жасаған болжамға енгізген өзгерістерін ескерген болу керек, бұл жолы Қазақстанның экономикалық өсуі туралы жаңа болжамдарын жоғарырақ белгілепті. Қайсысы дұрыс? Мұны алдағы уақыт көрсетеді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»


03 қаңтар 2018 ж. 11 818 1 440
Пікір қалдыру

Пікір 1 440

cheap pharmacy от 4 маусым 2022 11:24

drug canada от 4 маусым 2022 18:21

how does viagra work от 10 маусым 2022 08:16

sildenafil citrate 100mg generic от 10 маусым 2022 08:18

sildenafil 20 mg costco price от 10 маусым 2022 08:45

viagra pill от 10 маусым 2022 09:24

sildenafil vs tadalafil от 11 маусым 2022 22:42

male viagra от 12 маусым 2022 11:24

buy generic viagra от 14 маусым 2022 16:28

women viagra от 15 маусым 2022 18:11

sildenafil tablets от 15 маусым 2022 19:16

what is sildenafil от 16 маусым 2022 12:16

generic viagra от 16 маусым 2022 20:43

tadalafil vs sildenafil от 16 маусым 2022 22:14

sildenafil vs tadalafil от 16 маусым 2022 22:33

women viagra от 16 маусым 2022 22:55

sildenafil citrate tablets от 16 маусым 2022 23:55

price for viagra от 17 маусым 2022 00:03

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 068

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031