» » Доллар қараша айына қарай тұрақтанады – сарапшы

Доллар қараша айына қарай тұрақтанады – сарапшы

 
Ішкі нарықта «доллар 400 теңгеге дейін өседі екен» деген қауесет сөздер көп. Осыған халық шынымен де сене бастады. Экономикалық тұрғыдан қарасақ оған еш негіз жоқ. Бұл жайында «Pro Gente» экономикалық зерттеу орталығының жетекшісі, экономист Мақсат Халық Baq.kz тілшісімен сұхбатында айтты.

Сарапшы жылдағы тенденция бойынша тамыз айынан бастап теңгенің құнсыздану процесі жүзеге асатындын, кейін қараша айына қарай тұрақтанатынын жеткізді.
«Осы жағдай соңғы екі жылда қайталанған. Бірақ биыл оның қарқыны әлдеқалай жоғары болып тұр. Жылда ары кетсе 20 теңгеге құнсызданатын, биыл жылдың басында теңге долларға шаққанда 318 теңге көлемінде болса қазір бұл 375 теңгенің көлемінде тұрғанын көріп отырмыз.
Сонымен қатар ол теңгенің құнсыздану салдары ретінде Ресейге салынған санкциялардың да ықпалы болып отырғанын айтып өтті.
«Ресей АҚШ-тың санкциясына қарсы жауап ретінде доллардан бас тартып, бүкіл сыртқы операцияларын рубльмен және көрші елдердің валюталарымен іске асыруда. Бұл рубльдің құнсыздануына әкеп отыр, одан келіп біздің теңге де әлсіреуде. Неге десек, бірінші кезекте біздегі инвесторлар сақтануға көшуде. Олар алдағы уақытта теңге де құнсызданады деген болжаммен жаппай доллар сатып ала бастады. Бұл долларға деген сұраныстың күшейуіне әсер етіп, қазіргі уақытта оның құнының өсуіне әкеп отыр. Екінші, мәселе ішкі нарықтағы «доллар 400 теңгеге дейін өсіп кетеді екен» деген қауесет сөздер. Осыған халық көп сене бастады. Экономикалық тұрғыдан қарасақ оның еш негізі жоқ. Дегенмен үрейленген халық азда болса доллар алып қояйық деген мақсатпен теңгелерін ауыстыра бастады. Бұл да белгілі дәрежеде доллардың өсуіне ықпал етіп отыр», - дейді экономист.
Сөз арасында Мақсат Халық доллардың өсуіне АҚШ федералды реттеу жүйесінің доллардың базалық мөлшерлемесін көтеру әрекеті де ықпал етіп отырғанын айтты.
«Биыл ол екі мәрте жүзеге асты. Көктемде 1,75% көтерген, маусым айында 2 пайызға тағы көтерді. Осы кезде дамушы елдердің барлығының валюталары құнсыздана түсті. Яғни доллар өз құнын арттырып келе жатқанын байқаймыз. Бұл мұнымен тоқтап қалмай әлі де жалғасады деп жатыр. Осы қараша айында доллардың базалық мөлшерлемесін 2,5% тағы да көтереді деген болжам бар. Олай болатын болса, өзге елдердің валюталары тағы да құнсыздана түседі деген сөз. Бұл фактор да теңгенің құнсыздануына әсер етіп отыр», - деді ол.
Сондай-ақ маман бізде базалық мөлшерлемені керісінше түсіріп жатқанын жеткізді. 2015 жылы ұлттық валютаны еркін айналымға жібергеннен кейін базалық пайыздық мөлшерлеме біраз уақыт анықталмай барып 17 пайыз болып белгіленген.
«Бұл өте жоғары мөлшерлеме болды әрі теңгеге үлкен қуат беретін. Өйткені базалық пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын өзге де мөлшерлемелер көтеріледі, мәселен депозиттің пайызы. Осыдан бір жыл бұрын теңгедегі депозиттің пайызы 15-16% болды. Сондықтан халық барлық қорларын теңгемен сақтауға тырысты. Өз кезегінде бұл теңгенің күшін арттыра түсті. Қазір қарап отырсақ базалық пайыздық мөлшерлеме жыл санап түсіп келе жатыр, қазір 9 пайызға дейін төмендеді. Алдағы уақытта инфляциялық таргеттеу саясатымен мақсатты түрде түсіре береміз деп отыр. Оны не үшін түсіру керек? Бірінші, кезекте Елбасының әлеуметтік бағытта қойған талап, тапсырмаларын орындау үшін керек. Өйткені 7% несие беру қазіргі таңда реалды емес. Ұлттық Банктің саясаты инфляциялық таргеттеу жүргізу. Бұны әлемде көптеген мемлекеттер жасаған, біз Польшаның үлгісін алып отырмыз. Оның негізгі мақсаты инфляцияны ауыздықтап, оның деңгейін түсіру. Елде инфляция төмен болса тауарлардың бағасы да қатты қымбаттамайды, халық үшін ол тиімді. Бұл тұста несиелердің де пайызы төмен болады. Сол үшін түсіріп келе жатырмыз», -дейді ол.
Сарапшы теңге құнсызданған соң шетелден әкелінетін тауарлардың бағасы да автоматты түрде өсетінін, тіптен қазірдің өзінде кәсіпкерлердің көбі бағаны көтеріп жібергенін жеткізді.
«Оларға бағаны неге көтеріп жатырсыздар, бұл тауарды доллар курсы төмен кезде алып келдіңіздер ғой" деп сұрауға болады. Дегенмен олар сақтанып жатыр, яғни қазір төмен бағамен сатып жіберсек кейін екінші тауарды әкеле алмай қаламыз ғой деген оймен осылай жасап отыр. Сондай-ақ сырттан кірмейтін, өзімізде өндірілетін тауарлардың да бағасы өсіп жатыр. Себеп неде десеңіз? Сол доллардың өсуіне байланысты дейді. Бірақ олардікі экономиканың заңдарына сәйкес емес. Жалпы өсіп жатқан бағадан біз де қалып қоймайық деген сыңайда жасап отыр. Мұны енді тежеуге болады деп ойлаймын», - деді Мақсат Халық.
Сондай-ақ экономист теңге құнсызданған сайын инфляция да жоғары болып кетуі мүмкін деген болжам білдірді. Ондай жағдайда Ұлттық Банк алдына қойған міндетті орындай алмауы мүмкін.
«Инфляциялық таргеттеу саясатын жүзеге асыра алмай қалады деген мәселе туындап тұр. Егер солай болатын болса Ұлттық Банк өз міндетін орындай алмай шығады. Ондай кезде Банктің негізгі қаруы интервенция, яғни нарыққа қолдан арзан доллар сату. Дегенімен бұл жерде қордағы долларлар жоғалады. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ Данияр Ақышевтің жұмысы алдындағы төрағаларға қарағанда басым, шамасы келгенше әрекет етіп жатыр. Дегенімен сыртқы факторларға күші жетпей жатқан сияқты», - дейді сарапшы.
Маманның айтуынша, Ресейдің Ұлттық банкі жақын күндері өздерінің базалық пайыздық мөлшерлемесін өсіру мәселесін ойластырып отыр. Өйткені рубльге күш беретін басқа амалдары қалмай бара жатқан көрінеді.
«Егер Ресей ондай қадамға баратын болса біздің инфляциялық таргетинг саясат та өзгереді, ол өз жемісін бермей қала ма деп қорқам. Өйткені теңгенің құнын арттыру үшін Ұлттық Банк базалық пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін. Егер солай болса онда Ұлттық Банктің алдына қойып отырған стратегиялық саясаты күшін жояды. Өзім инфляциялық таргеттеу саясаты жүзеге асқанын қалаймын, оның халық үшін пайдасы зор. Инфляция төмен болса тауарлардың да бағасы төмен болады. Тауарлар халыққа қолжетімді болып тұрады, жылдан-жылға қатты өспейді, халықтың төмен қабілеттілігі сақталады. Несиелердің пайызы төмен болады, ипотекалық несиелерді рәсімдеу жеңіл жасалады. Осындай тұстары үшін инфляциялық саясаттың жүзеге асып кетуін қалаймын», - дейді ол.
Сарапшының пайымдауынша, доллар курсы қыркүйек, қазан және қараша айларында әлі де құбылмалы болады, тек қаңтар айынан бастап қайта күшейеді. Оған себеп еліміздегі бүкіл компаниялар мемлекет алдындағы жылдық есептемелерін, салықтарын төлей бастайды. Сол кезде теңгеге деген сұраныс аз да болса артады. Алайда доллар бағасы 320 теңгеге түседі деу қисынсыз.


07 қыркүйек 2018 ж. 1 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031