» » Мамандар доллар бағамы қашан арзандайтынын айтты

Мамандар доллар бағамы қашан арзандайтынын айтты

Мамандар еліміздің төл теңгесінің бағамына ресейлік рубльдің бағамы қалай әсер еткенін айтып берді. Сонымен бірге олар теңгенің қашан нығаятынына болжам жасап, қазіргі жағдай баға берді деп жазады КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сарапшылардың айтуынша, жуырда ұлттық валютаның америкалық долларға шаққандағы құны нығая түседі. Олар бір айдан соң валюта бағамы 345 теңгеге келіп тұрақтатынын айтуда.
Осы орайда Қазақстанның Ұлттық банкі валюта нарығына әсер етуге құлықты емес екенін жеткізген.
Сонымен бірге, мамандар АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкциялары қазақстандық валютаға қалай әсер еткенін айтты. Себебі, бұл жайттан соң Ресейде бір доллар 69 рубльден сатыла бастаған.
Алайда экономистердің алаңдаушылығына қарамастан, теңге қайта нығая түскен. 23 тамыздағы сатылымдарға көз жүгіртсек, екі сессияның қорытындысы бойынша доллар бағамы 361,63 теңгеге тұрақтаған.
Еске салсақ, Ресейге қарсы салынатын санкциялар енді 3 айдан соң орын алмақ. Ұлттық банк республика халқын сабырға шақырып, ұлттық валютаның рубль бағамына еш қатысы жоқ екенін айтты.
Экономистер болса, биыл күзде қазақстандық валюта нығая түсетінін айтуда.


24 тамыз 2018 ж. 2 311 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031