» » Шаруасы шырайлы шаруашылық

Шаруасы шырайлы шаруашылық

Жаз мезгілінде ауданда жұртты көп баурап алатын ауылдардың бірі – Тұрмағамбет ауылы. Шіліңгір шілденің ыстығында мұнда бейсауат жүрген бір адам таппайсыз. Себебі, бұл уақытта еңбегімен нәпақасын тауып жүрген егінші ауылдың қырманы қызып, табысы тасып жатады.
Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Көшпелі халықтың қоныстанған орны кең алқапты отырықшы елге айналды.Сыр өңірі –  ауыл шаруашылығына қолайлы өңірлердің бірі. Аймақта мал және егін шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Жері жайлы облыстың асыраушы салада атқарып жатқан шаруасы шаш етектен. Оның үстіне соңғы жылдары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар ауыл шаруашылық саласын одан әрі дамытып отыр. Оның ішінде Қармақшы ауданы – аграрлы өлке. Әр жыл сайын қамбаға астық толып, оң нәтижеге қол жеткізіп келеміз. Мұның сыры жердің көлемді болуында. Әрі сол жерді ұтымды игеруімізде. Мұндай істі қолға алып қана қоймай, оны жүзеге асырып, жан-жақты идеясымен көптің көңілінен шығып отырған шаруашылықтардың бірі – «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Серіктестік Тұрмағамбет ауылында 165 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайы бар. 2004 жылы құрылған серіктестік негізі күріш егумен айналысады. Биылдың өзінде 1700 гектар жерге күріш еккен. Сондай-ақ, жаздық бидай, жоңышқа, мақсары да өсіреді.
Серіктестік қызметкері Бағдәулет Зайыров жоғарыда айтқан өнімдерден өзге макаронның 5 түрін, сүт өнімдерінің де түр-түрін әзірлейтіндерін жеткізді. Әрі қоршауға арналған сетка шығаратын шағын цех та пайдаға жарап тұр.
– Бізде сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Бір литрлік ыдыстармен есептегенде айына 3700 дана қатық, 500 дана кілегей, 1500 дана қаймақ дайындаймыз. Оларды Жосалы кенті мен Байқоңыр, Төретамға және Жалағаш аудандарына жібереміз. Оның үстіне жазда балмұздақ та жасаймыз. Оны сатпаймыз, ауыл балаларына тегін таратып береміз, – дейді «Тұрмағамбет» ЖШС-ның өкілі Бағдәулет Зайыров.
Ал макарон аудан ішінде сатылады. Әуелі жұмысшылардың сұранысын толық қамтып, содан кейін барып дүкендерге орналастырады.
– Қазір мекемемізде 165 адам жұмыс істейді. Өнімдердің барлығын өзіміздің ауылдың тұрғындары, яғни серіктестіктің жұмысшылары шығарады. Сетка мен макарон өнімдерін шығарумен айналысатын мамандарымызды Шымкентте, ал сүт өнімдерін дайындайтындарды Алматы қаласында оқытып алдық, тәжірибеден өткіздік. Сапасына қатысты сын болған емес, – дейді серіктестік мамандары.
«Тұрмағамбет» ЖШС алдағы уақытта пескоблок, газоблок шығаратын шағын цех ашуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, қазір облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 104 мыңнан асқан. Оның 6 447-сі биыл ашылған. Статистикалық ақпарат бойынша, осы жылдың 1 шілдесіне дейін облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 023-ке жетіпті.
Иә, елде «Тұрмағамбеттей» шаруасы шырайлы ірі шаруашылықтар көп болса, ол тәжірибе басқаларға тараса дейсің. Сонда ауыл іргесі бекем болып, халыққа қажет азық-түліктен тапшылық болмай,  ауыл шаруашылығындағы маңызды саланың келе­шегі жарқын болар еді. Үнемі істің қамымен жүретін серіктестік басшысы Нұржан Пірмантаевтың ілгеріге қойған жоспары көп. Оның барлығы тоқтаусыз еңбекпен жүзеге асатынына, әлбетте сенеді.

Айнұр ӘЛИ
28 тамыз 2022 ж. 3 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031