» » Мерекелеріңмен, қаржыгерлер!

Мерекелеріңмен, қаржыгерлер!



1993 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАРАШАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛ ВАЛЮТАСЫ АЙНАЛЫМҒА ЕНДІ. СОДАН БЕРІ ТЕҢГЕНІҢ ТУҒАН КҮНІ ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ РЕТІНДЕ АТАЛЫП ӨТУДЕ. ЖАҚЫНДА МЕРЕКЕДЕ ЖАҚСЫ ТІЛЕГІМІЗДІ АРНАЙЫҚ ДЕГЕН НИЕТПЕН АУДАНДЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЕСТЕЛІК СУРЕТКЕ ТҮСІРДІК. ДАҒДАРЫСТАР ЖАЙЛАҒАН МЫНАУ АЛМАҒАЙЫП КЕЗЕҢДЕ ҚАРЖЫНЫ ЫСЫРАПСЫЗ ҚОЛДАНЫП, ҚИЫНДЫҚТАРДАН ТИІМДІ АЛЫП ШЫҒУДЫҢ БАРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ШЕБЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫП ОТЫРҒАН АУДАНДЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ СӘКЕН ЗӘРІПХАНОВПЕН СҰҚБАТТАСТЫҚ.
– Сәкен Сұлтанмұратұлы, ұлттық валютамыз – теңге күні, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі құтты болсын! Әңгімені басқарманың қысқаша тарихынан бастасақ.
– Көзге көрінбейтін, көпке білінбейтін жауапкершілігі жоғары жұмысымызды бағалап келгендеріңізге көп рақмет. Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасына 1995 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығымен 1 уәкіл штат бірлігі бекітіліп, оған облыстық Қазынашылық басқармасының бұйрығымен Мырзабек Есетов тағайындалған. 1998 жылдан бас­тап Аудандық қазынашылық бөлімі ашылды. Бөлімде білікті қаржыгерлер Әділбек Есқараев, Берік Жақсылықбаев, Нұргүл Тобжанова, Ғалымжан Дүйсембаевтар басшылық қызмет етсе, 2018 жылдан бастап тізгінді мен қолға алдым. Ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, зейнетке шыққан М.Есетов, А.Ибрашова, С.Маханова және де қазынашылық саласында абыроймен жұмыс атқарған Л.Жүсіпәлиева, Д.Жүнісхожаева, Д.Қожа­ғұлова, Г.Махмутовалардың есім­дерін атап айтқан жөн болар. Қазіргі таңда аудандық қазынашылық бөлімі аудандық қазынашылық басқармасы болып қайта құрылып, 7 штаттық, 1 штаттан тыс қызметкер жұмыс істеуде. Олардың барлығы да жоғары экономикалық білімді мамандар.
– Жалпы басқарманың атқаратын қызметі, негізгі міндеттері қандай?
– Аудандық қазынашылық басқармасы республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, ҚР Конституциясын, ҚР қаржы министрінің 2014 жылғы №540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жұмыс істеп келеді. Қазынашылық басқармасымен осы жылы 60 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілді. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 26, аудандық бюджет бойынша – 19, квазимемлекеттік сектор субъектілері – 1, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті бойынша – 13. Есепті кезеңде «Қазынашылық – Клиент» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаржыларының мақсатты жұмсалуын қадағалап, олардың атқарылуы жөніндегі операцияларын жүргізу барысында аудандық қазынашылық басқармасы арқылы жыл басынан бері 32041 қаржылық құжат қабылданып, оның 31471 өңделсе, 570 ресми хат арқылы орындаусыз кері қайтарылды.
– Мерекелік тілегіңізді білдірсеңіз?
– Жыл сайын 15 – қарашада әріптес­терімізге аудан әкімі, облыстық бас­қармадан марапаттар беріліп, сый-құр­метке бөленіп жатамыз. 28 жыл бұрын Елбасымыздың жарлығымен бекітілген ұлттық теңгеміз бүкіл әлемге танылып отыр. Ел арасында да алып-сату мәселесі әрқашанда осы теңге арқылы жүзеге асуда. Ұлттық валютамыздың құнын арттырып, тиыннан теңге құрап жүрген барша қаржыгер әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз. Біздің ұжым өз қызметін тыңғылықты әрі белгіленген тәртіппен атқара береді деп сендіремін.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ (сурет)
13 қараша 2021 ж. 1 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031