» » ОҚЫҒАН ОЗАДЫ

ОҚЫҒАН ОЗАДЫ

Жуырда Қызылордада «Шамшырақ» оқу орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Балаға ақыл айтпа, тұлға таныт» атты кітап оқу жарысының облыстық кезеңі өтті. Рухани-танымдық мәні зор бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау және оқушылардың ойөрісін кеңейту болды.
Байқау барысында қатысушылар жазушы Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан», «Жұмабек және жер майдан» атты еңбектерін оқып, мазмұны бойынша өз ойларын ортаға салды. Аталған кітаптарда қазақ елінің тарихында ерекше орын алған тұлғалардың ел мен жер, ғылым мен мәдениет саласындағы қажырлы еңбектері кеңінен баяндалады.
Оқушылар кітап кейіпкерлері – қазақтың біртуар азаматтары Қаныш Сәтбаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Жұмабек Тәшенов сынды тарихи тұлғалардың ел үшін атқарған қызметтері туралы пікір алмасып, олардың өмір жолынан тағылым алды. Жарыс барысында қатысушылардың кітапты терең түсініп, ой қорыта білуі, сөйлеу мәдениеті мен талдау қабілеті сараланды.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша №269 орта мектептің 8-сынып оқушысы А.Жадигерова жүлделі орын иеленіп, 50 мың теңге қаржылай сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, оқушының жетекшісіне облыстық білім басқармасы басшысының арнайы Құрмет грамотасы табысталды.
Мұндай рухани шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық қасиеттерін нығайтуға үлкен ықпал етеді. Кітап арқылы тұлғаны тану – өскелең ұрпақтың рухани дамуының маңызды жолы екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 сәуір 2026 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031