» » «БАЛАҒА АҚЫЛ АЙТПА, ТҰЛҒА ТАНЫТ» КІТАП ОҚУ ЖАРЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«БАЛАҒА АҚЫЛ АЙТПА, ТҰЛҒА ТАНЫТ» КІТАП ОҚУ ЖАРЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ


Қызылорда облысында «Шамшырақ» оқу орталығының бастамасымен ұйымдастырған «Балаға ақыл айтпа, тұлға таныт» атты кітап оқу жарысының облыстық кезеңі өткізілді.

Жазушы Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан», «Жұмабек және жер жер майдан» атты кітап оқу жарысында қазақ елінің тарихында айрықша із қалдырған Қ.Сәтбаев, Ө.Жәнібеков, Ж.Тәшенов сынды тұлғалардың ел мен жер, ғылым мен мәдениет жолындағы қайраткерлік еңбектерін кеңінен оқушылар талқылап, рухани серпін беріп, ұлттық құндылықтарды терең тануға, тарихи тұлғалардың өмір жолынан тағылым алатын үлкен шара аясында кітап оқу жарысының қорытындысында №269 орта мектептің 8 сынып оқушысы А.Жадигероваға арнайы қаржылай сертификат, жетекшіге облыстық білім басқарма басшысының арнайы Құрмет граматосы табысталды.

Облыс бойынша кітап оқу сайысында білімге деген құштарлығы, белсенділігі және үздік көрсеткішке ие болған №273 орта мектепке «Ең үздік мектеп», №279 мектеп-лицейге «Жоғары жауапкершілік» номинациясымен марапатталды.

Облыстық кітап оқу жарысының І кезеңінің жеңімпазы болып, ІІ кезеңге өтіп, тестке қатысып, білімін сынақтан өткізгені үшін №105, №250, №199, №279, №80,№273,№28,№85 орта мектептің оқушыларын арнайы сертификатпен марапатталса, жетекшілерін облыстық білім басқарма басшысының арнайы Алғысына ие болды.

Жеңімпаздар оқушыларымыз бен мектептерімізді құттықтаймыз!

29 наурыз 2026 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930