» » Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте стипендия көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы бес жылда елде шәкіртақы жыл сайын 20–25 пайызға кезең-кезеңімен өсіп келген. Нәтижесінде оның көлемі 100 пайызға дейін артқан. 2025 жылы бұл бағдарлама аяқталды.
Министрдің айтуынша, енді Үкіметпен бірлесіп стипендияны жыл сайын арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Әсіресе докторанттардың стипендиясы айтарлықтай өскен, қазіргі таңда олар айына шамамен 254 мың теңге алады. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта да кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, брифингте жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына қатысты сұрақ та көтерілді. Министрдің айтуынша, мемлекеттік университеттерде оқу ақысы қатаң реттеледі және инфляция деңгейін ескере отырып, шамамен 10 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана өзгеруі мүмкін.
Ол биыл да оқу ақысының күрт өсуіне жол берілмейтінін және барлық университеттермен кеңес жүргізілетінін атап өтті.
01 сәуір 2026 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30