» » Елімізде зейнеткерлерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр

Елімізде зейнеткерлерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр

Бүгінгі таңда Қазақстанда зейнет жасындағы 2,3 миллионнан астам азамат тұрады. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішсі.

Базалық зейнетақы төлемі мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға артып индекстеледі, - деді Жақыпова ОКҚ-да өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы индекстеу шеңберінде базалық зейнетақы мөлшері 8,5%-ға, ынтымақты зейнетақы мөлшері 10,5%-ға ұлғайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы: ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 60%-ға дейін ұлғайтылды; ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Өсім нәтижесінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге болды. Сонымен қатар 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері кезең-кезеңімен 70%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшері – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120%-на дейін арттырылатын болады, – деді Светлана Жақыпова.
26 қыркүйек 2023 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930