Жұмысшы маман – заман сұранысы
Қаламыздағы М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі – білікті мамандар даярлап келе жатқан аймағымыздағы маңдайалды оқу орындардың бірі. Қызылорда облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық – ІТ жоғары колледжі болып қайта аталды.
Колледж 2015-2016 оқу жылынан бастап, “Дуалдық оқыту” әдісі бойынша “Газбен және электрмен пісіруші” және “Автомобиль крандарының машинисі” мамандықтары білім алушыларына білім беру ісін жүргізуде. Өнеркәсіптік мекемелермен мамандарды даярлау мерзімі бойынша 3 жақты келісім шарттар жасалып, жауапты тәлімгер мамандар бекітіліп, жастарды кәсіби дағды қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта даярланатын мамандықтарға сай облыс төңірегіндегі 20-дан астам өнеркәсіптік мекемелер мен келісім-шарттар жасасып, әлеуметтік әріптестік орнатты.
Колледж 2015-2016 оқу жылынан бастап, “Дуалдық оқыту” әдісі бойынша “Газбен және электрмен пісіруші” және “Автомобиль крандарының машинисі” мамандықтары білім алушыларына білім беру ісін жүргізуде. Өнеркәсіптік мекемелермен мамандарды даярлау мерзімі бойынша 3 жақты келісім шарттар жасалып, жауапты тәлімгер мамандар бекітіліп, жастарды кәсіби дағды қалыптастыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта даярланатын мамандықтарға сай облыс төңірегіндегі 20-дан астам өнеркәсіптік мекемелер мен келісім-шарттар жасасып, әлеуметтік әріптестік орнатты.
Колледж түлектері облыстық, республикалық олимпиадалар мен кәсіби байқауларда жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленуде. Оқу орны Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің ұйымдастрыуымен өткен бірнеше жобаларға қатысып жеңімпаз атанған, колледждің материалдық техникалық базасы жаңарып жабдықталуда. «Техникалық және кәсіби білім беруді модернизациялау» жобасы аясында колледж Бүкіл әлемдік банк қорынан «Автомобиль крандарының машинисі» біліктілігі бойынша грант иегері атанып, арнайы оқу үдерісіне пайдаланылатын тренажорлық шеберханалар жабдықталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын дамыту мақсатында «Жас маман» жобасына қатысып, 323 312 000 теңге көлемінде қажетті құрал-жабдықтармен және техникалармен, зертханалық жабдықтармен және тренажерлармен «Ұсталық дәнекерлеу» шеберханасы, «Жеңіл автомобиль құрылымы» зертханасы, «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жіне жөндеу, бұзып-жинау» шеберханалары жабдықталып, «Көлік жөндеу» құзыреттілік орталығы ашылды.
Өткен оқу жылында колледж шеберханалары мен зертханаларына 40 млнға жуық қаражатқа жабдықтар алынып оқу базасы жаңартылды. Оқу орны аумағында автокөлікті жүргізуді үйретуге арналған автодром құрылысы бар, «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» зертханасы, «Тракторлар мен автомобильдер» оқу зертханасы, «Ұсталық дәнекерлеу» оқу шеберханасы, «Ағаш ұстасы жұмыстары» шеберханасы, «Жылу электр станциялары және құбырлар,жылу техникалық процестердің жылу техникалық өлшемдері және автоматтандыру негіздері» зертханалары бар. Оқу орнында кәсіпкерлікке, бизнес ашуға бейім білім алушыларды қолдау, әдістемелік, заңнамалық тұрғыда көмек беру мақсатында «Бизнес стартап жобасын» ашуға жұмыс жасалып жатыр.
Аталған жоба жұмысына қатысушыларға кәсіпкерлік саласына қатысты құзырлы мекемелердің (мемлекеттік кірістер, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік қолдауға ие бизнесті несиелендіру мекемелері, т.б.) өкілдері тарапынан дәрістер өткізіліп, әр білім алушының бизнес-жобасын жоспарлаудан жүзеге асыруға дейін алып жүру жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, колледжде «Жас шекарашы» әскери патриоттық үйірмесі №2019 әскери бөлімімен бірлесіп жұмыс жасайды. Мақсаты – келешекте жастардың әскери технологияны жетік меңгеруі үшін оқып жатқан механиктерді – танк әскеріне, электриктерді – байланыс әскеріне, ВС категориялы жүргізушілерді – автомобиль әскеріне, химик- лаборанттарды – төтенше жағдай әскеріне баулып оқытуды жүйелі жолға қою. Құрамында 140 белсенді жастар және еріктілер мектебінде 94 жас жеткіншектер жұмыс жасайды.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника, басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер, технология қажеттігі туындайды.
Ең бастысы қоғамға қажетті кадрды дайындап, елдің дамуы үшін сүбелі үлесін қосатын, колледж – келешектің кемел кәсіптік білім беретін ұйымы.