ЗЫҢ-ЗЫҢ КҮЛПӘШ - ЖАҢА ҚАЗАҚША ТЕЛЕХИКАЯ (рецензия)
«Шымкент шоудың» осыдан біршама жыл бұрын қалың көрерменге жол тартқаны белгілі. Әсіресе Күлпәштің рөліне қызыға қарайтындар қатары көп. Кейіпкер – күлкілі, сөзге шебер, ауылдың пысық келіні. Ер адам сомдағанымен кейде әйелден ажырата алмай жатасың. Себебі, шынайы ойнау, ең бастысы ауыл келінінің образына ену – Берік Тұрсынбековтың кәсіби шеберлігінде. Ауылда тұру – қаладан шаршаған кей адамның арманы. Таза ауа, туысқандай араласатын көршілер. Ал «Зың-зың Күлпәш» телехикаясындағы ауыл өмірі қандай? Әр бөлімде әр түрлі оқиғалар желісі құралған. Беймаза күйеу, «неданөшный» қайын іні, қатал ене мен ауыл келіндерінің арасындағы байланыс шынайы түсірілген. Көреремендердің өзі күн сайын «Ютуб» желісіне телехикая бөлімінің салынғанын асыға күтіп отырады. Жазылған пікірлер де тек жақсыға ғана. Сериал көрімі 1 сағатта 500 мыңға дейін жиналады. Бұл да «Зың-зың Күлпәш» телесериалының қызықтығында, көрерменнің сұранысының жоғары екенінде.
Айнұр ӘЛИ.