» » ЖАЗЫҚҚА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

ЖАЗЫҚҚА ГАЗ ТАРТЫЛЫП, ЗАУЫТ АШЫЛМАҚ

Ақжар ауылдық мәдениет үйінде Елбасы Жарлығына сай аудан әкімі Аманғали Бердалин мен Ақжар ауылдық округінің әкімі Нұрлан Ізтілеуов халық алдында аудан мен ауылдың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Дәурен Молдашев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Мұхамбетжан және ауыл тұрғындары қатысты.
Ақжар ауылдық округі дамуы жөнінде ауыл әкімі Нұрбол Ізтілеуов:
– Желтоқсан айында Жазық бекетіндегі 29 отбасына жаңа жүйе арқылы жарық кіргізілді. Ал Ақжар ауылы толық электртендірілген, газдандырылған, телефон байланысы бар, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауылда 17 азаматқа тұрғын үй салуға жер бөлінді. Жаңадан салынған амбулатория ақжарлықтардың игілігіне жарауда. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында несие алған екі азамат мал сатып алса, біреуі қоғамдық монша салуда – деді.
Өткен жылды қорытындылаған ауылдық округ әкімі биыл Жазық бекетіне газ тарту мен сұйық май зауытын іске қосу, Ақжар ауылындағы біршама көшелерге ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу мен Кеңес уақытынан қалған қоқыстар мен құрылыс қалдықтарынан тазарту, сонымен қатар, «Самара-Шымкент» тас жолының ауылға кіреберісін жарықтандыру сияқты жоспарларын нақтылап көрсетті.
Аудан әкімі Аманғали Бердалин биылғы жылғы ауданымыздың бюджетке кіргізген кірістері туралы жетістіктерді атай отырып, оған ірі компаниялардан түскен салық мөлшерінің үлесі айтарлықтай екенін айтты.
– Былтыр біз салықтан 2016 жылы 24 млрд теңге жиналған болса, өткен жылы 44 млрд теңге, яғни 89 процентке артығымен орындалып отыр. Бұған кен өнімдеріне деген бағаның өсуіне өндіріс орындарынан түскен салық мөлшерінің артуы басты себеп. Сондықтан экономикамыз қарқынды дамып жатыр деп айтуға болады, – деді А.Бердалин.
Сұхбат барысында тұрғындар көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, жер, үй алу мәселелері бойынша қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.
– Соңғы жылдары Ақжар ауылында көшелер қалпына келтіріліп жатыр. Ауылдың келбетін келтіру үшін жол салынып, көше шамдары жағылуы жеткіліксіз. Сіздер үшін жасалған дүниеге немқұрайлы қарамай, ауылдың әр тұрғыны осы жұмысты жұмыла көтеруі керек. Себебі, үйлердің алдында белден келетін шөп тұрса, қоқыс тұрса біз жасаған көркейтулер бос кетеді. Сондықтан, өздеріңіз айналаңызды көршілеріңізбен бірлесіп тазалап, мәдениет қалыптастыруымыз керек. – дейді аудан басшысы.
Ауыл тұрғыны М.Мешітбаевтың ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қойған сұрағына аудан әкімі Тәуелсіздік алған жылдары жұмыс тауып беруге міндетті болса, ал қазір ол міндеттің жоқ екенін, жастардың өздері шаруа қожалықтарына немесе жақында ашылғалы отырған Жазық бекетіндегі сұйықмай зауытына 100 адамның бірі болып орналасуын ұсынды.
20 қаңтар 2018 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031