» » Жауһар жырдың жастары (видео)

Жауһар жырдың жастары (видео)

qarmaqshy-tany.kz Балалар жылы және аудандық басылым – «Қармақшы таңы» газетінің оқырманына тарай бастағанына 90 жыл толуына орай «Төл басылым – тоқсанда» тақырыбында аудандық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Жыр мүшайрасына мектеп оқушылары белсенді қатысып, өзінің жауһар жырларын арнады. Төл басылымның тарихын жырына арқау етіп, газеттің маңыздылығына баса мән берді. Тақырыптың өзегін, маңызын ашып көрсетіп оқырманға әсерлі, тартымды етіп жеткізе білуге бар өнерін салды.
Бүгін байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздарды аудандық "Қармақшы таңы" газеті редациясында шақырып, жеңімпаздарды жарияладық. Сайыс нәтижесінде І орынды №29 орта мектептің оқушысы Бекқанат Смайылұлы (жетекшісі Сәуле Көзбергенова) жеңіп алса, ІІ орын жүлдегері болып №183 орта мектептің оқушысы Аяулым Әнуарбек (жетекшісі Мөлдір Есжанова) танылды. Ал ІІІ орын №107 орта мектептің оқушысы Дамир Ерболатқа (жетекшісі Достық Тілеубергенов) бұйырды.
Сонымен қатар, №183 орта мектептің оқушысы Диас Төлегенов «Ұшқыр қалам» номинациясымен (жетекшісі Шынар Райымбаева), №111 орта мектептің оқушысы Ақнұр Молдабекова «Үздік жас ақын» номинациясымен (жетекшісі Рауа Тоғызбаева), №185 орта мектептің оқушылары Хасанәли Тортаев «Сөз шебері» және Асылзат Таңат «Жас талант» номинацияларымен (жетекшілері Қайрат Жұматаев) марапатталды. Барлық жеңімпаз, жүлдегер «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дипломымен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
"Қт ақпарат"
18 қараша 2022 ж. 1 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 031
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 704

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031