» » Жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды

Жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды

Санк-Петербургте жүздеген көртышқан арасында тұрып жатқан қыз табылды. 8 жасар қызды қиын жағдайда қалған балаларға арналған қонақ үйге орналастырды.
Аудандық әкімшілік қызға жазғы демалыс ұйымдастырып бермек. Ол қонақ үйден лагерьге барады. Қазір әлеуметтік қызметкерлер қыздың анасымен сөйлесіп, пәтерді қалпына келтіруде.
8 жасар қыз бала көртышқандармен бірге тұрып жатқан жерінен табылды. Көршілері пәтерден жағымсыз иіс шығатынын айтып шағымданған.
Полицейлер екі бөлмелі пәтерден анасы мен қызының тұрып жатқанын анықтады. Үй іші қоқысқа толған. Пәтер ішінде жүздеген көртышқан өріп жүрді. Анасынан көртышқандардан арылуды сұрады. Ал қыз баланы ауруханаға апарды.
Бұл отбасы бұған дейін кәмелетке толмағандар ісімен айналысатындардың есебінде тұрмаған.

15 мамыр 2019 ж. 1 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 946
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031