» » Дәрігер бес рет ота жасап, алтыншысында ұйықтап қалған

Дәрігер бес рет ота жасап, алтыншысында ұйықтап қалған

Қытайдың Гуйян қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін Луо Шанпенг атты дәрігер науқастарға 20 сағат бойы тоқтаусыз 5 рет ота жасаған. Сөйтіп, кезекті ота кезінде ұйықтап қалған. Ұйықтап жатқан дәрігерді медбикелердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Сурет көпшіліктің қызығушылығын тудырып, аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге таралып кеткен.
Daily Mail басылымының жазуынша, оқиға былай болған: Луо Шанпенг кезекті жұмыс күнінде 5 рет үзіліссіз ота жасайды. Енді демалуға кетіп бара жатқанда емханаға қолын ет турайтын құрылғыға жарақаттаған науқасты алып келеді. Хирург отаны кейінге қалдыруға болмайтынын біледі де, қатты шаршағанына қарамай, отаны бастап кетеді. Ота жасалады, Луо Шанпенг науқастың жарақатын тіккенен кейін қолын ұстаған күйі ұйықтап кеткен. «Мен көзімді жұмып дем алғым келген. Бірақ ұйықтап қаламын деп ойламадым», – дейді дәрігердің өзі. 
Бұл сурет WeChat әлеуметтік желісінде қызу талқылануда. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар: «Дәрігер ұйықтап жатып та науқастың қолын ұстап тұр» деген сынды қошемет сөздерді айтуда. Дәрігердің айтуынша, қан айналымы дұрыс болуы үшін ол науқас қолын осылай ұстап тұрған. Кейін сол кездегі ота сәтті өткені белгілі болды.


massaget.kz

14 қаңтар 2019 ж. 1 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031