» » Ердоған әлемдегі ең ірі әуежайды ашты (видео)

Ердоған әлемдегі ең ірі әуежайды ашты (видео)


Түркияның ең ірі мегаполисінде «Ыстамбұл» атты жаңа әуежай ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ел президенті Режеп Тайып Ердоған жаңа әуе айлағы әлемнің басты авиациялық және транзиттік хабы болатынын айтты. Ал іргетасы 1912 жылы қаланған «Ататүрік» халықаралық әуежайы көрме орталығы ретінде қызмет көрсетеді. Түркия Республикасының 95 жылдығында Ыстамбұлда үшінші әуежай ашылды. Су жаңа әуе айлағына алғаш болып ел президентінің ұшағы келіп қонды. Бастапқыда әуежай Анкара, Анталия мен Измир бағытында қызмет көрсетеді. Ал халықаралық сапарлар Баку мен Солтүстік Кипрға жасалынбақ. Әлемнің ең ірі әуежайларының бірі болатын айлақтың салтанатты рәсіміне оннан астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Түркия президенті ашылу рәсімінде жаңа тасымал орталығы құрылысының бір бөлігі 42 айда тәмамдалғанын айтып, әуежай атауын ресми түрде жариялады. Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: - Ыстамбұл – Түркияның ең ірі шаһары ғана емес, сондай-ақ елдің басты бренді. Осы себепті жаңа әуежайға «Ыстамбұл» деген атау бердік. Айлақтың ашылуы тек қана түрік еліне емес, күллі әлемге пайда әкеледі деген сенімдемін. Әуежай құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін 6 миллиард еуро жұмсалды. Әуе айлағының құрылысы 4 жылға созылып, 10 мыңға жуық жұмысшы тартылды. Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, бұл көрсеткіш алдағы уақытта еселей түседі. Осман Байрам, Түркия азаматы: - Халық ретінде Ыстамбұлда ең ірі әуежайдың іске қосылғанына қатты қуаныштымыз. Мұндай мегажобаның қысқа уақытта жүзеге асуы үлкен жетістік. Алдағы уақытта жаңа айлақ ел экономикасына оңды әсер етпек. Себебі, Ыстамбұлдағы үшінші әуежай шаһардың транзиттік әлеуетін арттырады. Он мыңдаған азаматты жұмыспен қамтиды. Жалпы әуежайдың ауданы 76,5 миллион шаршы метрді құрайды. Қазірше әуежай 90 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Айлақ толық қуатымен қызмет жасаған кезде бұл көрсеткіш жылына 200 миллионға шықпақ. 2023 жылы әуежай толықтай іске қосылып, 350 бағыт бойынша ұшақ рейстері жүзеге асырылады. Сондай-ақ күн сайын әуежайдан 2 мыңға жуық ұшақ ұшатын болады.
30 қазан 2018 ж. 1 089 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031