» » Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады

Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады

Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады
МК-Турция Түркияның Ыстамбұл қаласында күзде тағы бір үлкен әуежай ашылады.
Бұл – осымен шаһардағы үшінші әуежай. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол Түркиядағы ең үлкен әрі әлемдегі ірі айлақ болмақ. Сөйтіп Босфордағы қаланың транзиттік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Ал жаңа айлақ бір мезгілде 114 ұшақты қабылдайтын болады. Бірақ бұл орталық іске қосылған соң Ататүрік атындағы әуежай жабылмақ. Жалпы, түрік билігі Измир мен Анталия қаласының да азаматтық авиация саласының мүмкіндігін ұлғайтуды көздейді. Ал сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта Түркия мен Парсы шығанағындағы әуе қауіпсіздігі жақсарып, жолаушылар саны арта түскен.
Ахмет Аслан, Түркия көлік министрі:
- Жаңа әуежай 100 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал алдағы уақытта жұмысшылардың жалпы саны  225 мыңға жетеді деп болжап отырмыз.
16 сәуір 2018 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031