ӘУЕЖАЙ «ҚОРҚЫТ АТА»: СЕРПІНДІ ЖОБАЛАР
- 2018 жылдың 16 шілдесінен бастап аптасына 4 рет жиілігімен халықаралық «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» рейсі ашылды. Қызылорда қаласындағы жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр, - дейді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін қайта конкурс өткізу туралы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі хабарландыру ҚО ЖКжАЖБ, Қызылорда облысы әкімдігінің, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның интернет-ресурстары мен баспасөз басылымдарында жарияланды.
Бүгінгі күні, аталған конкурска «BI - Industrial» ЖШС-і қызығушылығын танытты. Қазіргі таңда, бұл «BI - Industrial» ЖШС-і жобаның техникалық ұсынысын әзірлеуде.
Пікір 1