» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ЕНДІ САНТА КЛАУСТЫҢ ОТАНЫН КӨРЕ АЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР ЕНДІ САНТА КЛАУСТЫҢ ОТАНЫН КӨРЕ АЛАДЫ


Finnair әуе компаниясы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы арқылы әуе бағытын қайта жаңартатын болды.
Ұшу бағыттары биылғы жылғы шілдеден қыркүйек айына дейін аптасына екі рет сәрсенбі және жұма күндері  ыңғайлы Airbus 319 ұшағы арқылы жүзеге асырылады. Ұшу уақытының аралығы  төрт сағат екенін айта кету қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы жазғы айларда Finnair әуе компаниясы үш мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетті.
Аталған бағытты қайта жаңарту қазақстандық жолаушыларға Санта Клаустың отанын көруге, әрі олардың жайлы әуе кемесімен Хельсинки –Вантаа әуежайы арқылы Еуропаның 70-тен аса және Азияның 19 қаласына саяхат жасауына мүмкіндік берсе, финляндиядық саяхатшылар еліміздің көрікті жерлерін аралайтын болады.
Анықтама: Finnair – Финляндиядағы ұлттық әуе тасымалдаушы, әрі елдегі ең ірі әуе компаниясы. Оның орналасқан жері Хельсинки-Вантаа әуежайы. Компания Oneworld альянсының құрамында. Компанияның негізгі акционері  – Финляндия үкіметі.
21 шілде 2018 ж. 1 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 958
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031