» » Қазақстандық стартап Азияда үздік атанды

Қазақстандық стартап Азияда үздік атанды

Киберқауіпті мониторингілеуге арналған жоба құрлықтағы ірі шаралардың бірі «Echelon Asia Summit» көрмесінде халықаралық танымалдылыққа ие болды. Қазақстандық стартап жетекшілері бұл жетістікке қалай жетті? Сингапурде өткен халықаралық көрмеде қазақстандық сегіз бірдей жоба таныстырылды. Олар «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен Тұңғыш Президент қоры қолға алған Smart Zholy бағдарламасы аясында іріктелген.  Фарангиза Шұқашева, «Neupusti.net» компаниясының даму жөніндегі директоры: - Көптеген шетелдіктер бізге кімдердің қолдау көрсеткенін сұрады. Қызықты жобаларымызды қалай жүзеге асырғанымызды білгісі келді. Сонда біз Smart Zholy бағдарламасы мен оған қолдау көрсеткен Тұңғыш Президент қоры жайлы әңгімеледік. Ад олар Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асырғысы келетіндерін айтты. Зәуре Түрікменбаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры жобалық кеңесінің жетекшісі: - Smart Zholy – бірегей алаң. Ол қазақстандық стартаптарды жаһандық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Сол арқылы отандық жобаларды халықаралық корпорациялармен байланыстыра аламыз. Көрмеде қазақстандықтар дербес Wi-Fi роутермен, дронмен басқарылатын онлайн-ойындармен, автобөлшектердің мобильді нарығымен және айыппұл төлеуге арналған онлайн сервиспен таң қалдарды. Ал Webtotem стартапы үздік ондыққа енді. Жаңа жоба арқылы веб-ресустарға мониторинг жасап, ғаламтор кеңестігін қауіп-қатерден қорғауға болады.  Олжас Сатиев, Webtotem стартапының директоры: - Сингапур киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүдделі. Бұл – олардың негізі мақсат-міндеттерінің бірі. Біздің өнімдерімізге қызығушылығы зор. Себебі, қазақстандық стартап жоба авторлары Орталық Азияда үздіктердің қатарында. Айта кетейік, қазақстандық стартап жоба жетекшілері Оңтүстік-Шығыс Азияның 20 венчурлық қорына да өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Үсен Сүлеймен, ҚР Сингапурдегі Төтенше және өкілетті елшісі: - Сингапур инновация бойынша жаһандық индексте көшбасшы орында. Сондықтан бұл көрмеге қазақстандықтардың қатысуы венчурлық қорлармен әріптестік орнатудың тиімді жолы екенін айтқым келеді. Көрме қорытындысында сингапурлық Saturday Kids компаниясы қазақстандық Intellection стартапына қаржы құюға мүдделі екенін жеткізді. Келісімшартқа келер аптада қол қойылады деп күтіліп отыр. 

30 маусым 2018 ж. 982 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 903

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 937

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031