АҚШ үкіметі палестиналықтарға берілетін 200 млн доллар көмекті қысқартты
Трамп үкіметі палестиналықтарға бөлінген 200 миллион АҚШ доллары көлеміндегі көмек қаражатын қысқартып тастады. Федералдық үкімет лауазымдылары жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауындағы және Газа секторындағы көмек көрсету жобаларын қайта қарау кезінде осындай шешімге келген. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірқатар жоғары лауазымдыларының айтуынша, бұл қаражат өзге де маңызды жобаларға пайдаланады. Олар және Газа секторына көмек көрсету барысында халықаралық қауымдастық тап келетін қиыншылықтарды көзде ұстай отырып осындай шешім қабылданғанын айтады. Олар бұл арқылы АҚШ-тың көмек қаражаты мен Халықаралық қауымдастықтың Газадағы жұмыстарында қайшылық бар дегенді меңзейді. Құрама Штат үкіметі Газаны ХАМАС ұйымының бақылауына алуы, Газа тұрғындарының қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қарайды. ХАМАС 2007 жылы Газа секторын ресми бақылауына алған. Бұл Израиль мен Мысырдың Газа секторын қатаң экономикалық шектеуіне алып келді. Израиль тарабы: «Израильді жоюға ұмтылатын ХАМАС жасақтарын қыспаққа алу үшін Газа секторына экономикалық шектеу салу керек», – деді. Ал, ХАМАС ұйымы болса Израильді мойындамайды, дегенмен, Мысырмен келіссөздер өткізуде. Бұл экономикалық дағдарысты шешім етеді деп қарайды.
qazaqtimes.com