» » Ауғанстанда Құрбан айт мейрамына орай атыс тоқтатылады

Ауғанстанда Құрбан айт мейрамына орай атыс тоқтатылады

Ауғанстанда Құрбан айт мейрамына орай атыс тоқтатылады
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани алдағы Құрбан айт мейрамына орай елдегі «Талибан» радикалды қозғалысымен атысты 3 айға тоқтататыны туралы мәлімдеді.
Мемлекет басшысы тәліптер мұндай ұсынысыты оң қабылдайды деп сенетінін жеткізді. Бірақ лаңкестер президенттің мұндай ұсынысына әлі жауап берген жоқ. Дегенмен содырлар өз түрмелерінде ұстап отырған жүздеген адамды босататынын жариялады.
Ашраф гани, Ауғанстан президенті:
- Халық Құрбан айт мейрамын бейбіт жағдайда қарсы алу үшін атысты тоқтату туралы шешім қабылдадық. Ол қарашаның 20-сына дейін созылады. «Талибан» қозғалысы да бастаманы қолдайды деп үміттенеміз. Сондай-ақ біз бұл қозғалыс басшылығын бейбіт келіссөз жүргізуге шақырамыз.
Еске сала кетейік, Ауғанстан билігі бұған дейін Рамазан айының басталуы мен Ораза айт мейрамына орай атысты біржақты тоқтататынын жариялап, тәліптерді келіссөз жүргізуге шақырған еді. «Талибан» басшылығы да сол кезде үкімет жасақтарына қарсы 3 күн бойы ешқандай әрекет етпейтінін мәлімдеген. Бірақ бұл тәртіп лаңкестер тарапынан бірнеше рет бұзылды.

21 тамыз 2018 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930