» » Тайваньда күшік тәрізді балмұздақ сатылады

Тайваньда күшік тәрізді балмұздақ сатылады

Тайваньда күшік тәрізді балмұздақ сатылады
Тайвань аралының оңтүстігінде орналасқан Гаосюн қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше балмұздақ ұсынылды.
Туристер көптеп келетін мейрамханалардың бірінде жануар пішініндегі десерт сұранысқа ие. Алайда оның дәмін татуға кейбір меймандардың дәті бармайды. Себебі, күшіктердің шынайылығы соншалықты, оны тірі жануардан айыру қиын. Мұндай туындыны жасау үшін өнертапқыштар арнайы тәсілді қолданып, балмұздақты силиконды пішінде -30 градуста қатырып қояды. Осы туындыны жеу үшін емес, оны қызықтап көру үшін келетін адамдар көп. Мұндай тәттінің дәмі 6 доллар тұрады.
Миа Хсу, мейрамхана қонағы:
- Шынымды айтсам, мұндай балмұздақты жеуге батылым жетпейді. Себебі, көз алдымда тірі күшік жатқандай. Егер оның дәмін татсам, сүйкімді жануарға зияным тиетін сияқты сезінемін.

20 тамыз 2018 ж. 1 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 199
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031