» » Туристер таңдауындағы аралдар

Туристер таңдауындағы аралдар

Туристер таңдауындағы аралдар
Travel & Leisure басылымы туристер таңдауы көп түсетін аралдардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде Индонезия аралдары көш бастап тұр.
Жазғы демалысты жақсы өткізу үшін, ең ерекше демалыс үшін, бәрін ұмытып тынығу үшін әлемде туристерді құшақ жая қарсы алатын мекендер аз емес. Туристер тынығудың түрлі жолдарын таңдап жатады. Соның бірі - су жағасы, болмаса аралдар.
Туристер таңдауындағы ең үздік арал - Ява екен. Индонезияның бұл аумағына келгендер үшін тамашалайтын дүниелер молынан. Әсіресе сарқырамалар, жанартаулар, көне заманнан қалған ғибадатханалар, қонақүй қызметі мен ақ құмды жағалаулар туристерді таңдандыра түссе керек. Сондықтан Travel & Leisure сауалнамасына қатысқандардың көпшілігі осы аралды үздік деп таныған.
Одан кейінгі орындарға да Индонезиядағы екі арал орналасқан. Олар - Бали мен Ломбок. Сондай-ақ туристері таңдауы жиі түсетін аралдар ондығына Мальдив, Уаихеке (Жаңа Зеландия), Палаван (Филиппин), Маврикий, Себу (Филиппин), Парос (Грекия) және Тасмания (Аустралия) енген.
27 шілде 2018 ж. 1 273 1

Brigitte от 6 сәуір 2024 06:21
How To Reduce Tax https://stephenkpxa259.bravesites.com/entries/general/Smart-Strategies-for-Tax-
Savings-in-the-US

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930