Мәслихаттар сайлауы
» » Қытайда алғашқы электр ұшағы әуеге көтерілді

Қытайда алғашқы электр ұшағы әуеге көтерілді

Қытайда жолаушылар тасымалдауға арналған CE-25A электр ұшағы алғашқы пилотты сынақ рейсін орындады. 19 адамға шақталған әуе кемесі бір қуатпен 400 шақырымға дейін ұшуға қауқарлы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сынақ 14 қарашада Шаньдун провинциясының Биньчжоу қаласында өтті. Ұшақ бортында екі ұшқыш пен бір инженер-сынақшы болған. Әуе кемесі 16 минут 38 секунд ұшып, осы уақыт ішінде 60,4 шақырым қашықтықты еңсерді.
Жаңа ұшақты Қытайдың COMAC корпорациясы, аккумулятор өндіруші CATL компаниясы және Шанхай Цзяотун университеті бірлесіп әзірлеген. CE-25A ұшағының ең жоғары ұшу массасы – 10 тонна. Ол сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшып, 2 400 метр биіктікке көтеріле алады.
Әуе кемесінің алғашқы ұшқышсыз сынағы 2026 жылғы 2 ақпанда өткен. Пилотты рейске дейін тағы 19 сынақ ұшуы ұйымдастырылған.
Қазір жоба сертификаттау кезеңіне дайындалып жатыр. Ұшақты болашақта қалалар арасындағы аймақтық әуе қатынасында пайдалану жоспарланып отыр.
17 қараша 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30