» » Қытайлық жүк таситын электрлі eVTOL ұшағы қалалар арасында ұшып, сынақтан өтіп жатыр

Қытайлық жүк таситын электрлі eVTOL ұшағы қалалар арасында ұшып, сынақтан өтіп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Қытайда жасалған екі тонналық электрлік eVTOL ұшағы елдің оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясының екі қаласы арасында төмен биіктікте жүк тасымалдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еeuronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Guiyang Low-Altitude Industry Development Company компаниясы пайдаланатын бұл аппарат 40 минут ішінде 118 километр қашықтықты жүріп өтіп, жедел медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмектер мен жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдады.
Сынақтың мақсаты – таулы өңірде төмен биіктікте ұшатын ұшақтар арқылы тұрақты жүк тасымалы жолдарын дамыту және жүк жеткізуді жеңілдету.
Ұшаққа ұшу-қону жолағы қажет емес және ол көміртекті шығарындылар шығармайды. Толығымен электр энергиясымен жұмыс істейтін бұл ұшақ тік көтеріліп-қона алады, яғни тікұшақ сияқты ұшып, қонады. Сонымен қатар әуе кемесі қатты дыбыс шығармайды.
Ұшақ қысқа және орта қашықтыққа арналған тапсырмаларды орындауға арналған, оның ішінде жолаушылар тасымалы, логистика және шұғыл құтқару операциялары бар.
25 қараша 2025 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031