Құрылтай
» » Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды

Ұлыбритания ұшатын такси жасап шығарды

Алдағы төрт жылда Ұлыбританияда EVTOL (Electric Vertical Take Off and Landing) тік ұшатын және қонатын электр батареясымен жұмыс істейтін такси  пайда болуы мүмкін.
Дүйсенбі күні The Times газеті жазғандай, ерекше ұшатын құрылғы жергілікті әуежайдың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, атмосфераға көмірқышқыз газдың таралуын азайтады.
Құрылғыны 2016 жылы Бристолде Стивен Фитцпатрик негізін қалаған Vertical Aerospace аэроғарыш компаниясы жасап шығарды. Ұшатын аппарат тиісті қауіпсіздік сертификаттары алынғаннан кейін 2022 жылы пайдалануға беріледі. Сынақтан өткен үлгісі 150 шақырымға дейін төрт жолаушыны тасымалдай алады. Ұшатын таксидің максималды жылдамдығы 300 км/сағатты құрайды.
Vertical Aerospace өкілдері атап өткендей, ұшатын такси қалалар арасында қатынайтын болады.
inform.kz
12 қыркүйек 2018 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 084

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31