» » Әлемдегі ең алып ұшақ саудаға қойылды

Әлемдегі ең алып ұшақ саудаға қойылды


Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын 400 миллион долларға сату көзделді.
Stratolaunch орбитаға зымыранды ұшыруға арналған. Телеарнаның мәліметтерінше, бағаға ұшаққа ие болумен қатар зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді.
Еске сала кетсек, сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді. Сынақ кезінде әуе кемесі 5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдықты бағындырды. Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 дөңгелек орнатылған.


16 маусым 2019 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 946
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 187

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031