» » Түркияда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін

Түркияда президент сайлауы мерзімінен бұрын өтуі мүмкін


Сурет: armeniatoday.am

2028 жылдың мамыр айында өтуі тиіс сайлау екі ай бұрын яғни наурызда өтуі мүмкін. Президенттің кеңесшісі Мехмет Учумның айтуынша, сайлау наурыз немесе сәуір айында болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ердоған Түркияны 23 жылға жуық басқарып келеді. Конституция бойынша президент екі мерзім ғана қызмет атқара алады.
Reuters агенттігінің мәліметінше, парламент мерзімінен бұрын сайлау жарияласа, Ердоғанның тағы бір рет бағын сынауға жол ашылады. Ұлтшыл қозғалыс партиясының жетекшісі Девлет Бахчели де мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды.
«Ал оппозицияның ұстанымы бөлек. Олар сайлау арқылы Ердоғанның экономикалық саясатына балама ұсынғысы келеді. Оппозиция жетекшісі Өзгүр Өзел сайлауды президенттің қайта сайлануына бейімдеу дұрыс емес деді», делінген хабарламада.
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін парламенттегі 600 депутаттың кемінде 360-ы осы бастаманы қолдауы керек. Ердоғанның билік коалициясында 331 орын бар. Демек, оған басқа партиялардан тағы 29 дауыс қажет. Сондықтан сайлаудың нақты мерзімі де, Ердоғанның саяси додаға қайта түсу мүмкіндігі де парламенттегі келісімге байланысты.
Бұған дейін Албания премьер-министрі Эди Рама студенттердің наразылық акциялары мен Тиранадағы үкімет ғимараттарын өртеу оқиғаларына байланысты отставкаға кетпейтінін мәлімдегені туралы хабарлаған едік.




16 қазан 2026 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 061
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 278

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031