» » Өзбекстанда Президент сайлауы өтті

Өзбекстанда Президент сайлауы өтті

Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды өтті деп таныды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Астана уақытымен 12:00) сайлаушылардың қатысуы талап етілетін 33 пайыздан асты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров сайлаудың өткенін айтты.

“Сайлаушылардың қатысуын тіркейтін электрондық жүйенің мәліметі бойынша, сағат 11:00-де сайлау учаскелеріне 6 463 874 сайлаушы келді, бұл жалпы тізімнің 33,54% тең”, – деді ол.

Сайлауда Өзбекстан президенттігіне үш үміткер өз дауыстарын берген.
"Адолат" социал-демократиялық партиясынан кандидат Робахон Махмудова, Экологиялық партиядан кандидат Абдушукур Хамзаев және Өзбекстан халықтық демократиялық партиясынан кандидат Улугбек Иноятов дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Мәскеудегі Өзбекстан елшілігіне жүздеген сайлаушы дауыс беруге жиналған.

"Қызының көзінше қолдарын кесіп тастаған": Ашуға булыққан өзбекстандық көршісін пышақтап өлтірген

"Оларға 20 доллардан төленген": Григорий Лепс Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанда концертінің неге тоқтатылғанын айтты
Кезектен тыс президенттік сайлау - Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейінгі бірінші сайлау. Жаңашылдықтар, атап айтқанда, мемлекет басшысының өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартады, бұл қазіргі президент Шавкат Мирзиеевке президенттік өкілеттігін тағы бір мерзімге ұзартуға мүмкіндік береді.

Саясаттанушылар қазіргі президенттің қайта сайланатыны - алдын ала шешілген мәселе деп санайды.

Биыл 30 сәуірде Өзбестан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетіні хабарланған. Бұл конституция бойынша, президент өкілеті бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл болады. Сондықтан 2016 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келе жатқан Шавкат Мирзияевтің бұрынғы мерзімдері жоққа шығарылып, оған қайтадан екі мерзім президенттікке түсуге (2037 жылға дейін) құқық беріледі. Жаңа конституцияда президент өкілеті күшейген.

stan.kz
09 шілде 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 225

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930