» » Ел болашағы үшін дауыс берді

Ел болашағы үшін дауыс берді

Жексенбіде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлауы өтті. Көптен күткен сайлау науқанына аудан жұртшылығы бір-кісідей атсалысып, белсенділік танытты.
Таңғы сағат 7.00-де жұмысын бастаған сайлау учаскелеріне халық ерте келіп, дауыс берді. Алғашқы болып келген сайлаушыға сайлаудың дәстүрі бойынша сыйлықтар берілді.
Жалпы аудан бойынша 35 сайлау учаскесі қызмет көрсетсе, оның 11-і Байқоңыр қаласында орналасқан. Әр учаскеде карантин талаптары қатаң жүргізіліп, арақашықтық сақталды. Дауыс беруге келген сайлаушылардың алдымен дезинфекция кабинасынан өтіп, дене қызуы өлшенді. Тіпті бір реттік бетперде мен белгілейтін қаламсапқа дейін қамтамасыз етілді.
Сайлау барысында ауданда дауыс беретін азаматтарға 3 бюллетень берілді. Біріншісі – мәжіліске арналса, екіншісі – облыстық мәслихат, ал үшінші бюллетень қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдауға арналған. Осылайша 3 бюллетень бөлек саналып, нәтижесі де бөлек шығарылды. Сонымен қатар халық 5 партияға дауыс берді. Олар «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Қазақстан Халық партиясы», «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «ADAL» саяси партиясы. Мұндағы бір ерекшелік сайлаушылар пердесіз ашық кабиналарда өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Он төрт сағатқа созылған сайлауда дауыс беру кешкі 20.00-де тоқтатылды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыстар саналып, хаттамалар толтырылды. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берушілердің алдын-ала нәтижесін сағат 22.00-де жариялады. Экзитпол мәліметі бойынша «Nur Otan» партиясы жеңіске жетті деп хабарлады.
Сонымен қатар бүгін облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды. Онда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев брифингте мәлімдеме жасады.
– Өңірде 492 198 сайлаушы тіркелген. Бұл жалпы халықтың 60,7 проценті. Саяси науқанға 363 754 сайлаушы қатысып, дауыс берді. Яғни, қатысу көрсеткіші 73,90 процентті құрады. Сайлаушылардың дауыс беру белсіндігі бойынша республикада Солтүстік Қазақстан облысынан кейінгі екінші орында, – деді ол.
Қызылордалық сайлаушылар «Nur Otan» партиясына – 74,46 процент, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 9,40 процент, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 8,70 процент, «Қазақстан Халық партиясына» – 3,84 процент, «ADAL» саяси партиясына – 3,6 процент дауыс берген.
Қорытынды нәтижелер 17 қаңтарға дейін жеті күн ішінде шығарылатын болады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
12 қаңтар 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031