» » АҚШ балаларға салынатын екпелер санын қысқартты

АҚШ балаларға салынатын екпелер санын қысқартты

Сурет: Kylie Cooper / Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп балаларға ұсынылатын негізгі екпелер санын 17-ден 11-ге дейін қысқарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа тізімнен балаларға жаппай ұсынылатын В гепатиті, COVID-19 және тұмауға қарсы вакциналар шығарылды.
Жарлықта MMR (ҚПҚ) деп аталатын қызылша, паротит және қызамыққа қарсы құрама вакцинаны үш бөлек екпеге бөлу ұсынылған. MMR – Measles, Mumps, Rubella сөздерінің қысқартуы, ал қазақша ҚПҚ – қызылша, паротит, қызамық дегенді білдіреді. Үш екпені дәрігерге әртүрлі қабылдаулар кезінде салу ұсынылып отыр.
Құжат сондай-ақ міндетті вакцинациядан медициналық және діни негіздер бойынша босату мәселесін қамтиды. Трамптың айтуынша, АҚШ Бас прокуроры балалардың осы негіздер бойынша вакцинациядан босатылу құқығын шектейтін штат заңдарына сот арқылы дау айта алады.
Осыған дейін Трамп әкімшілігі дені сау балалар мен жүкті әйелдерге COVID-19 вакцинациясын ұсыну жөніндегі ұсынымды алып тастаған. Сонымен қатар, АҚШ-тың балаларға арналған вакцинация күнтізбесін басқа дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкестендіру тапсырылған.
Айта кетейік, Трамп АҚШ-та бала туу мақсатымен келетін шетелдіктерге шектеу қойды.
11 тамыз 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 960
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 195

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031