» » Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «РИА Новостиге» сілтеме жасап.
«АҚШ-тың сыртқы саясатын, ұлттық қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып, мен келесі 12 елдің азаматтарына елге толық кіруге тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен», делінген құжатта.
Жарлықта «бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және иммиграциялық емес визалар арқылы келетін шетел азаматтарына қатысты қолданылады» деп нақтыланған. 
Сонымен қатар Трамп АҚШ-қа келесі жеті елдің азаматтарына кіруді ішінара шектеген.
«Мен келесі жеті елдің азаматтарына елге кіруге ішінара тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла», делінген құжатта.
Бұл шектеулер әртүрлі болғанымен, олар иммиграциялық та, иммиграциялық емес визаларға да қолданылады.
05 маусым 2025 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 168
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031