» » Тәжікстан билігі хиджаб киюге тыйым салды

Тәжікстан билігі хиджаб киюге тыйым салды


Фото: istockphoto.com
Тәжікстан билігі ұзын сақал қойып, хиджаб пен араб үлгісіндегі киім түрлерін киюге заң жүзінде тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, елде ұлттық дәстүрге жат деп танылған киімдерді киюге және оларды елге әкелуге шектеу енгізілген. Әсіресе қара түсті хиджабтар мен араб стиліндегі кейбір киімдерге ерекше назар аударылып отыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары діни экстремизмге байланысты сақал қойған ер адамдарға бақылауды күшейткен. Осылайша елдегі билік өкілдері қала мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әйелдерді тәжік ұлттық киімін таңдауға шақырып отыр.
Тәжікстан билігі бұл шараларды діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, ұлттық мәдениетті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Ауғанстанда әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салынды

Айта кетейік, Қазақстанда да адамның жүзін толық жабатын киім киюге тыйым салынған. Бұл талап ауа райы жағдайына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.
29 шілде 2026 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031