» » Қызылорда облысында бет-жүзді тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысында бет-жүзді тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салу жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұрғындарға түсіндіруді жалғастыруда. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Түсіндіру барысында тәртіп сақшылары шектеу тек бет-әлпетті толық тұмшалайтын киімдерге – балаклава, маска және никабқа қатысты екенін атап өтті. Ал хиджаб, шейла, химар және әл-амира сынды бетті жаппайтын діни киімдерге бұл норма қолданылмайды.
Сондай-ақ, ауа райының ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, қызметтік міндеттерді атқаруға, заң талаптарына, азаматтық қорғау шараларына немесе спорттық-мәдени іс-шараларға байланысты бет-жүзді жабатын киімдерге шектеу қойылмайды. Полиция өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде діни сенім еркіндігін сақтай отырып, заң аясында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
13 қараша 2025 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930