» » "Бұл дінімізде парыз емес": Тәжікстанда әйелдерге хиджаб пен никаб киюге тыйым салынды

"Бұл дінімізде парыз емес": Тәжікстанда әйелдерге хиджаб пен никаб киюге тыйым салынды

Фото: ru.pinterest.com
Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі ұлттық киімге қатысты арнайы пәтуа шығарды. Онда тәжіктердің ұлттық киімдері "ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген. Сондықтан ел тұрғындарына "белгілі бір мақсатпен насихатталған мәдениет пен дінге жат" киімдерді киюден бас тартуға кеңес берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аsiaplustj басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғұламалар кеңесі тәжіктердің ұлттық киімдерінің мұсылман хиджабының нормаларына сәйкестігіне қатысты дау-дамайға жауап берді. Олар түрлі айыптаулардың туындауына байланысты осы мәселе бойынша пәтуа шығару туралы шешім қабылдады.  Сәйкесінше хиджабтан басқа әйелдерге тар, мөлдір түсті, қара немесе ашық киім киюге тыйым салынады.
"Ислам дінінде киім киюдің өз ережелері бар. Бірақ өрнек пен түске ешқандай шектеу қойылмаған. Сондықтан дінімізде ұлттық киім киюге рұқсат етілген. Алайда ұлттық ерекшеліктеріміз бен географиялық жағдайымызға сай келмейтіндіктен, әйелдерге никаб кию ұсынылмайды. Бұл дінімізде де парыз емес. Сондай-ақ жабысып тұратын киім киюден аулақ болыңыз. Құрметті аналар мен әпкелер, ұлттық мәдениетке тағзым етіп, ұлттық нақыштағы киімдерді діни нормаларға сай, "әйел-ана" имандылығына, сондай-ақ ислам этикасының нормаларына сай киіңіздер", – делінген пәтуада.
Сондай-ақ ерлердің киімі туралы пәтуада “ерлердің денесі кіндіктен тізеге дейін жабық болуы керек" делінген. Пәтуа 5 тармақтан тұрады. Онда ислам шариғаты мен ханафи мәзһабының нұсқаулары бойынша тәжіктердің әйелдер киімі қаншама ғасырлардан бері орамал, көйлек және шалбардан тұратыны жазылған. 
"Ұлттық киім киюді сақтау – мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұлтты танытудың және ата-баба дінін нығайтудың маңызды құралы.  Сондай-ақ ұлттық мемлекеттілікті нығайтудың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі", – делінген.
Еске салайық, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон наурыз айында мұсылман әйелдерінің орамал тағуын "бөтен мәдениетке еліктеу" деп атаған еді. Мемлекет басшысы дін қызметкерлеріне бір айдан кейін "бұл мәселеге қатысты өз пікірін анықтауды" тапсырды. Алайда шешім қазір ғана қабылданды.
Тәжікстанда бір ай бұрын, 2024 жылдың маусымында "ұлттық мәдениетке жат" киімге тыйым салынған. Заң жобасын Мәжілісrt Эмомали Рахмонның өзі ұсынған.
Бұған дейін Тәжікстан парламентінің депутаты Муджибахон Джавхари "Азия-Плюс" агенттігіне жаңа заңның талаптарын түсіндіріп, оның жалпы хиджабқа қарсы бағытталмағанын, тек арабтардың "жат" киіміне, атап айтқанда қара киімдерге тыйым салынғанын алға тартқан.
Cондай-ақ ол жаңа заң тым ашық еуропалық киімдерді, соның ішінде тым төмен мойын сызығы бар көйлектер мен жыртылған джинсы шалбарларды киюге тыйым салады деп мәлімдеді.
31 шілде 2024 ж. 104 1

GregoryBrove от 12 тамыз 2024 03:01
https://avenue17.ru/

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 738

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 791

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031