» » Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге айыппұл енгізілмек

Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге айыппұл енгізілмек


Фото:depositphotos.com

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжілісте өткен пленарлық отырыста тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, енді бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, тұлғаны тануға кедергі жасайтын киімдер киюге әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Бірінші жағдайда ескерту жасалады.
"Қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым енгізілді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту, қайталанған жағдайда – 10 АЕК (2025 жылы 39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", – деді Магеррамов.
Қабылданған түзетулер Сенатқа жіберіледі. Егер жоғарғы палата мақұлдаса, құжат Президентке қол қоюға бағытталады. Нақты күшіне ену мерзімі әзірге белгісіз. 2026 жылы АЕК өсуіне байланысты айыппұл көлемі 43 250 теңгеге дейін артуы мүмкін.
Еске салайық, 12 шілдеден бастап елде адамның бетін толық жабатын киімдерге заң жүзінде тыйым салынған. Полиция мәліметінше, бұл талаптардың негізгі мақсаты — қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда бейнебақылау арқылы тұлғаны тез анықтау.
04 желтоқсан 2025 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031