» » Мажарстан премьер-министрі сайлау жасын 16-ға дейін төмендетуді ұсынды

Мажарстан премьер-министрі сайлау жасын 16-ға дейін төмендетуді ұсынды

Мажарстанның премьер-министрі Петер Мадьяр елдегі сайлау жасын 16 жасқа дейін төмендетуді ұсынып, бұл норманы жаңа Конституцияға енгізу қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет басшысы бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, жаңа Конституцияны әзірлеу жұмыстары алдағы бір жыл ішінде жүргізіледі.
Петер Мадьяр қазіргі жастардың саясат пен қоғамдық өмірге деген қызығушылығы артқанын атап өтті. Сондай-ақ ол 18 жасқа толмаған көптеген жасөспірімнің мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша шешім қабылдауға жеткілікті деңгейде хабардар екенін айтты.
«Менің ойымша, бүгінде 18 жасқа толмаған жастардың басым бөлігі ортақ шешімдер қабылдауға жеткілікті дайын әрі ақпараттанған. Сондықтан жаңа Конституцияны әзірлеу барысында сайлау жасын 16 жасқа дейін төмендетуді қолдар едім», деп жазды премьер-министр.
Бұл бастама Мажарстанда талқыланып жатқан конституциялық реформаның бір бөлігіне айналуы мүмкін.



19 шілде 2026 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031