» » Парижде аптап ыстықтан бір тәулікте жүзден астам адам көз жұмды

Парижде аптап ыстықтан бір тәулікте жүзден астам адам көз жұмды

Франция астанасында тіркелген аптап ыстық салдарынан бір тәулік ішінде 109 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұсынылған ресми мәліметтерге тек шұғыл көмек мамандарының үй жағдайында немесе қоғамдық орындарда тіркеген өлім жағдайлары ғана енгізілген. Ауруханалардың ішінде тіркелген адам шығындары бұл статистикалық көрсеткішке қосылмаған.
Дәрігерлердің хабарлауынша, тұрғындардың өліміне негізінен мынадай факторлар себеп болған:
  • Жүректің кенеттен тоқтап қалуы;
  • Гипертермия (дене қызуының шектен тыс көтерілуі).
Апатты жағдай болған күні Франция астанасында ауа температурасы 39°C градусқа дейін жеткен. Осыған байланысты қаланың денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай күш түскен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Париждегі ауруханаларға түскен жүктеме бірден 36%-ға артқан. Сондай-ақ жергілікті жедел жәрдем қызметіне тұрғындар тарапынан жасалған қоңыраулар мен өтініштер саны 80%-ға дейін өскен.
Еске сала кетейік, 23 маусым күні Астанада ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетіп, соңғы 85 жылда болмаған ыстық тіркелді. 
29 маусым 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031