Құрылтай
» » Испанияда аптап ыстықтан 100-ден астам адам көз жұмды

Испанияда аптап ыстықтан 100-ден астам адам көз жұмды

Фото: istockphoto.com
Испанияда мамыр айында аптап ыстықтың салдарынан 101 адам қайтыс болды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы мамырдағы өлім-жітім деңгейі соңғы он жылдағы орташа көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Билік өкілдері мұны жаз басталмай тұрып қалыптасқан аптап ыстықпен байланыстырып отыр.
Бағалау жұмыстары күн сайынғы өлім-жітім көрсеткіштерін тіркейтін Momo мониторинг жүйесінің деректері негізінде жүргізілген. Бұған дейін Испанияның Aemet ұлттық метеорологиялық агенттігі елдің бірнеше қаласында температуралық рекордтар жаңарғанын хабарлаған еді. 
Айта кетейік, 2025 жылдың жазында Испаниядағы аптап ыстықтан 1060 адам көз жұмған болатын. Осыған байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес қоғамдық ғимараттарда климаттық баспаналардың ұлттық желісін құру бастамасын жариялаған.
Сондай-ақ БҰҰ жақын апталарда Эль-Ниньо климаттық құбылысының қалыптасуы мүмкін екенін ескерткен. Мамандар оның құрғақшылыққа, су тасқындары мен орман өрттеріне әкелуі ықтимал екенін айтады.


05 маусым 2026 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 503
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031