» » Жапонияда тайфун салдарынан 600-ге жуық рейс тоқтатылды

Жапонияда тайфун салдарынан 600-ге жуық рейс тоқтатылды


Жапонияда алапат тайфун салдарынан елдің оңтүстік-батыс аймақтарында электр қуаты жаппай үзіліп, жүздеген әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті халық арасында «Джангми» деп аталған тайфун күншығыс елінің Окинава аралы мен Кагосима аймағына залал келтірген. Жапония үкіметі өкілі Минору Кихараның мәліметінше, Окинавада табиғи апат салдарынан 9 адам жарақат алған.
Кагосима аймағында 30 мыңнан астам үй жарықсыз қалса, Окинавада тағы 17 мыңға баспана электр қуатынан ажыратылған. Теңіз дауылына байланысты Жапонияның екі ірі әуе компаниясы – All Nippon Airways және Japan Airlines шамамен 600 рейсті тоқтатуға мәжбүр болды.
Қазір Жапонияда құтқару қызметтері зардап шеккен өңірлерде қалпына келтіру және қауіпсіздік жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін елдің оңтүстік-батыс жағалауында магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын.


02 маусым 2026 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30