» » Ирандағы АЭС маңына тағы соққы жасалды

Ирандағы АЭС маңына тағы соққы жасалды

Фото: aa.com
Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электр станциясы маңында кезекті әуе соққысы тіркелді. Ресми деректерге қарағанда, шабуыл АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған, алайда нысанның өзіне зақым келмеген, деп жазады Egemen.kz.

IRNA Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымына сілтеме жасай отырып, 24 наурыз күні кешкі сағат 21:08 шамасында (Гринвич бойынша 17:38) снаряд «Бушер» қаласындағы атом нысанына жақын аумаққа түскен.
Агенттік бұл әрекетті АҚШ пен Израильдің «дұшпандық қимылдарының жалғасы» деп бағалады. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ атом нысанына зақым келмеген.
Айта кетейік, бұл – соңғы күндері тіркелген екінші шабуыл. Бұған дейін 17 наурызда дәл осындай соққы жасалып, ол кезде де ешқандай қирату мен адам шығыны болмаған.
Мәліметтерге сүйенсек, 28 ақпаннан бері АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жалғастырып келеді. Соның салдарынан 1 340-тан астам адам қаза тапқан, олардың қатарында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи де бар екені айтылады.
Өз кезегінде Тегеран жауап ретінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы соққы беріп, Израильмен қатар Иордания, Ирак және Парсы шығанағындағы бірқатар елдердегі АҚШ әскери нысандарын нысанаға алған.
Қақтығыстың ушығуы салдарынан инфрақұрылымға зиян келіп, адам шығыны артқан, сондай-ақ әлемдік нарықтар мен әуе қатынасына кері әсер еткен.
25 наурыз 2026 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930